Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «…Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді» деген болатын.
Жолдау сөзін бастамаға алып, сонымен қатар Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай және облыстық ішкі істер органдарында қазақ тілінің қолданылуын дамыту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Ана тілім – ардағым!» сырттай шығармашылық байқауы өткізілді. Байқауға ережеге сәйкес Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті басқармалары, қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдерінен 20-дан астам қызметкер қатысып, қатысушылар ана тілі туралы ойларын өлең түрінде жазып өткізген болатын. Шығармалар арнайы құрылған әділ-қазылармен қаралды. Қазылар құрамында Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Е. Егембердиев, Кадр жұмыстары басқармасының бастығы, полиция полковнигі И.Зайнулин, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі, республикаға белгілі айтыскер-ақын Е.Досалы болып, материалдардың сауаттылығын, мазмұндылығын, көркемдігін, жан-жақтылығын, өзектілігін ескере отырып, бағалады. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен бас жүлде дипломы мен 40 000 (қырық мың) теңгелік сертификатты Т. Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімі кезекші бөлімінің инспекторы полиция капитаны З.Байбатчаев иеленсе, 1 орын мен 35 000 (отыз мың) теңгенің сертификатын Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің іс жүргізу инспекторы Эльмира Анарқұлова олжалады. Ал 2 орын мен 30 000 (отыз мың) теңгенің сертификатын Сарысу аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Қанат Нарбековке бұйырса, 3 орын мен 25 000(жиырма мың) теңгенің сертификатына Тараз қаласы Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алтынбалта Көшербаев ие болды. Сонымен қатар ерекше ұйқастары мен оралымды өлең жолдары үшін әрқайсысына арнайы жүлденің 20 000 (жиырма мың) теңгелік сертификатымен ІІД Заңсыз Көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке ротасы 2 взводының инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрым Қойгелдиев және ІІД Заң бөлімінің жетекші маманы Асқар Наватов марапатталды.
Үздік деп танылған шығармалар топталып, ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің редакторлығымен «Ана тілім — ардағым» өлеңдер жинағына енгізіліп, қатысушыларға таратылды.
Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметі