• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таразда соғылып жатқан «Анаға тағзым» орталығы тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі

turan_admin turan_admin
27.06.2021, 17:46
Облыс жаңалықтары
Таразда соғылып жатқан «Анаға тағзым» орталығы тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі
244
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

26 маусым, сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы демеушілер есебінен салынып жатқан маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы барысымен танысты.

Мамыр тоғайындағы «Асар» оңалту-сауықтыру орталығының аумағында «Пырақ құрылыс» ЖШС заманауи манеж құрылысын бастаған болатын десек, онда қосымша физикалық дамуды қажет ететін балалар үшін иппотерапия сеанстары жүргізілмек. 30-60 метрлік алаңда бір уақытта 12 атпен серуендеуге болады. Айналасы ағаш қоршаулармен қамтылса, ал манеждің ішіне майда құм төселеді.

— Нысанның құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Қажет болса, біз де қол ұшын береміз. Мен көптеген иппотерапиядан айығып жатқан көптеген науқас балаларды көрдім. Олар тек сауығып қана қоймай, ат спорты бойынша үлкен жарыстарға қатысып, жеңіске жете білді. Сіз ізгі іспен айналысып жатырсыздар, — деді Бердібек Сапарбаев мердігерге.

Манеждің өз ат қорасы болады. Қазір асарлықтардың тек үш жылқысы бар. Аймақ басшысы бұл тұрғыда жауапты тұлғаларға облыстың ірі жылқы шаруаларымен байланыс орнатуды тапсырды.

Әкім барған келесі нысан мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының қосымша ғимаратының құрылысы болды. Болашақта ол оқушылар сарайы болады деп жоспарлануда. Ғимараттың жалпы ауданы – 9,3 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын «Тараз құрылыс инвест» ЖШС жүргізуде.

Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқандығына назар аударды. Мердігер компания оған құрылыс материалдарын жеткізудегі кедергілерді себеп ретінде алға тартты. Дегенмен, қазір мәселе шешіліп, жұмыс жалғасуда. Аймақ басшысы нысанның маңыздылығын тілге тиек етіп, оны уақытылы тапсыру керектігін ескертті.

Көркем гимнастика және үстел теннисіне арналған спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Нысанның жалпы ауданы – 11,9 мың шаршы метр. Оның 2460 шаршы метрі – спортзал алаңы. Құрылыс жұмыстары осы жылдың наурыз айында басталған. Қазіргі кезде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын, мамандар ішкі әрлеу мен көгалдандыруға кірісіп жатыр. Мердігер «Тараз Строй 2004» ЖШС басшысы Мейірбек Жүнісовтің айтуынша, нысан тамыз айында пайдалануға берілмек.

Кешен мен «Тараз-Арена» спорт сарайы арасында жаяу және велосипед жолдарымен қамтылған спорт қалашығы салынбақ. Оның құрылысы «Таразға тарту» жобасы аясында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының жауапкершілігіне тиесілі. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев аймақ басшысына жұмыстың барысы туралы баяндады.

— Тәуке хан көшесінің бойына 1,8 шақырым тротуар төселді, орындықтар орнату мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Күн сәулесінен қуат алатын электр энергиясын үнемдегіш шамдар қойылуда. Тротуар бойындағы каналды қамыстан тазартудамыз. Спорт қалашығы аумағында әр түрлі ашық жаттығу құралдары, стрит-воркаут алаңдары мен кішігірім архитектуралық формалар орнатылады. Сонымен қатар, біз Айша бибі көшесінің бойына тротуар төседік. Ол маңдағы каналды да тазартуды жоспарлап отырмыз, — деді ол.

Бердібек Сапарбаев орындықтар мен спорттық жабдықтардың сапасын жеке өзі тексеріп, олардың мықтап орнатылғандығына көз жеткізді. Жауапты басқармаларға аллеяның кіре берісіне бұл қалашықты кім салғанынан хабар беретін символикалық белгі немесе шағын ескерткіш орнатуды ұсынды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Анаға тағзым» орталығының құрылыс барысымен де танысты. Ол ғимараттың витражды бөлігінде бөлме өсімдіктерін өсіретін арнайы орын ұйымдастыруды ұсынды. Дәліздерді ұлттық нақышта безендіру туралы да тілге тиек етті.

— Мұнда танымал тұлғалардың аналарға арналған арнайы бөлме жасақтаңыздар. Жергілікті тұрғындар ұлы адамдарды туып-өсірген, тәрбие берген аналар туралы білуі керек. Жамбылдықтарды өздерінің жерлестері Асанәлі Әшімов, Жақсылық Үшкемпіров, Илья Жақанов және басқа да аты аңызға айналған тұлғалардың аналары жайлы мәліметтер қызықтырады деп ойлаймын. Ал ол жас қыз-келіншектер үшін сондай тұлға тәрбиелеуге деген өзіндік мотивация болар еді, — деп атап өтті Б. Сапарбаев.

Құрылысшылар нысанды тамыз айының соңында пайдалануға беруді жоспарлауда.

Облыс әкімі әр нысандағы жұмыстардың сапасы мен уақытылы жүруін жеке бақылау, ондағы туындаған мәселелерді шұғыл шешу үшін жауапты басшылар мен Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевқа нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.