Енді әр студент пен қызметкердің Altynsarin institute фойесінде шахмат ойнауға мүмкіндігі бар. Бұл жаңа оқу жылында жүзеге асырылған ЖОО инфрақұрылымын дамыту жөніндегі кезекті жоба.
Жаңа локацияны құрудың бастамашысы институт басшылығы болды. Өз сөзінде Басқарма Төрағасы-Ректор Ержан Әмірбекұлы жаңа орынның маңыздылығын атап өтті.
«Шахмат – адам ойлауын дамытудың бірегей құралы. Шахмат ойнау интеллектуалды қабілеттерді, логикалық және стратегиялық ойлауды сақтауға көмектеседі, сонымен қатар тәртіпті, салмақты шешім қабылдауға және жауапты болуға үйретеді. Осы қасиеттердің барлығы жоғары технологияларды дамыту және инновациялық жобаларды іске асыру үшін де қажет. Шахмат аумағының жұмысы ғылыми-педагогикалық шығармашылықты жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі деп сенемін», – деді ол. Ректордың айтуынша, бұл миссияға институттың әр оқытушысы мен студентінің қатысуы өте маңызды.
Алаң – жылжымалы шахмат тақтасы болып саналады. Фигуралардың әрқайсысы әдейі жеңілдетілген, тіпті ең әлсіз немесе қарт адам оны оңай көтере алады. Биіктігі 47-ден 100 см-ге дейін өзгереді. Ең биік фигура – Патша.
Сонымен қатар, институт «Шахмат тақтасының» селфи мен фото-бейне түсірілімдерді қоса алғанда, танымал демалыс орнына айналатынына сенімді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда инфрақұрылымдық саясат саласында Altynsarin Institute даму стратегиясын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – тартымды және функционалды білім беру ортасын қалыптастыру және құру болып табылады.
Altynsarin institute
Маркетинг және коммуникация бөлімі