• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы жарияланды

26.07.2022
0
«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауы жарияланды
109
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2022 ж­ылды «Балалар жылы» деп жариялап, «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. …Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген болатын. Өскелең ұрпаққа тарихымызды, әдебиетімізді, мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттап, қоғамдық сананы жаңғырту өте маңызды.

Қазіргі таңда балалар әдебиеті жанрының кенже қалып  тұрғаны жиі талқыланады. Бала тәрбиесіне, зердесіне, таным-түсінігіне және қиял-ғажайып әлеміне әсер ететін негізгі құралдардың бірі – балалар әдебиеті оқулықтары мен телеарналар. Қазақ тілінде балалар әдебиеті бағыты бойынша жаңа есімдер жоқтың қасы. Ұлттық сананы тамырынан үзіп алмай, жаңа заманға сай етіп бейімдеудің басты тетіктерінің бірі – жас ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің қайнар-көзімен сусындата білу. Бұл балалардың таным көкжиегін арттырып, ертегілер мен әңгімелерден пайдалы ақпарат, мол тәлім алуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан балаларға арнап қалам тербейтін жазушылардың ынтасын арттырып, өскелең ұрпақты адамгершілікке, отансүйгіштікке және т.б. ізгі қасиеттерге баулу өте өзекті.

Осыған орай, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ «Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты – балалар әдебиеті дамыту, қазақстандық балалар әдебиеті жазушыларына қолдау көрсету.

Байқаудың қатысушылары:

— Қазақ әдебиетіне үлес қосып жүрген және шығармаларымен танылып келе жатқан 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады.

Байқаудың тілі: қазақ тілі.

Байқаудың бағыттары:  

Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанры бойынша 2 бағыт бойынша бақ сынайды:

– Ертегілер (бастауыш және орта буын мектеп оқушыларына арналған);

– Шағын әңгімелер (жасөспірімдерге арналған).

Байқаудың мерзімдері:  

Байқауды өткізу шарттары, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттар баспа және интернет БАҚ-та 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жарияланады;

  • Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын және жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымшада берілген), бір файлға жүктеп («Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармалары байқауына» тақырыбымен), saqa01@gmail.com, altyn.saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауы қажет;
  • Байқау шығармалары – 2022 жылғы 31 тамызға дейін ­қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;
  • Байқау қорытындысы – 2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;
  • Байқау қорытындысы ретінде 2 бағыт бойынша жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.

Шығармаларға қойылатын талаптар:

  1. Бір қатысушы байқаудың екі бағыты бойынша қатыса алады.
  2. Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді.
  3. Байқау жұмыстары MS Word форматында Times New Rоman қарпімен, 14 қаріп мөлшерінде 1,0 аралықта теріліп, 3-5 беттен аспауы керек.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке, сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ ана тілін жетік білуге, әдеби сөздік қорын байытуға бағытталған шығармалар болуы қажет.
  2. Жасөспірімдер мен өскелең ұрпаққа қызық, заманауи әрі өзекті тақырыптар бойынша фантастикалық және шытырман оқиғаларға толы білімге құштарлыққа, бәсекеге қабілеттілікке, прагматизм қағидаттарына сүйенген шығармалар, сонымен қатар, шығармаларда сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық, өмірлік мақсат, әділдік, еңбекқорлық секілді терең ойлы құндылықтар насихатталуы тиіс.
  3. Қоғамның дамуына жаңаша көзқарас қалыптастыратын, заманауи тұлғаның қабілеттері мен дағдыларын көрсететін, сондай-ақ жастардың қызығушылық тудыратын креатив идеялар және қазіргі шетелдік шығармалармен бәсекелесе алатын туындылар болуы тиіс.

Авторлық құқық

— Байқауға қатысатын шығарманың авторлық құқығының сақталуына жұмысты байқауға жіберген қатысушы жауапты.

— Шығарманы байқауға жібере отырып, оның авторы автоматты түрде байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалды жинаққа және интернетте орналастыру құқығын береді.

Байқауға проза жанры бойынша төмендегі бағыттар бойынша жүлде тағайындалады:

  • «Ертегілер:

а) І орын – 300 мың теңге (біреу);

ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);

б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).

  • «Шағын әңгімелер»:

а) І орын – 300 мың теңге (біреу);

ә) ІІ орын – 200 мың теңге (біреу);

б) ІІІ орын – 100 мың теңге (біреу);

в) Ынталандыру сыйлығы – 50 мың теңге (бесеу).

Ұйымдастырушылардың міндеттері:  

  • қазылар алқасының құрамы іріктеліп, ұйымдастырушылардың шешімімен бекітіледі;
  • ұсынған шығармаларды ұйымдастырушылар жанынан құрылған қазылар алқасы қарайды;
  • қазылар алқасы 5 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие;
  • ұйымдастырушы байқау шығармаларын жеке-жеке бағалайды;
  • ұйымдастырушылар жеңімпаз атанған үздік шығарма иелерін дипломмен марапаттайды;
  • байқауға келіп түскен шығармаларды ұйымдастырушылар іріктеп, арнайы жинақ ретінде басып шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттау:  

Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ жүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен (номинациялармен) марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек айында өтеді.

Жеңімпаздар туралы ақпараттар әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланады.

Байқау туралы сұрақтар бойынша байланыс тел.: +7 (72­72) 261 6295, 272 6193. Ұялы тел.: +7 775 846 3705, +7 702 697 8598, +7 775 657 7838, +7 707 133 7899.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты