• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«АЛТЫН САҚА» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

turan_admin turan_admin
27.09.2022, 14:29
Мәдениет
«АЛТЫН САҚА» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
369
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған байқаудың марапаттау іс-шарасы 28-қыркүйекте дүниеге келген қазақ әдебиетінің үш классигі Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкейлердің туған күндеріне орай өтті.  Айта кету керек, бұл байқау биылғы «Балалар жылының» аясында ұйымдастырылған айшықты шаралардың бірі болып табылады. 

Аталған шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице министрі Данияр Қадыров, ҚЖО басқарм төрағасы Ұлықбек Есдәулет, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Қазбек Өмірзақұлы Майгельдинов, қазақтың дәулескер күйшісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Секен Тұрысбек арнайы қатысып, жас қаламгерлерге ақ жол тіледі.

Шараның шымылдығы Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Рамазанұлының сөзімен ашылды. 

Бәйгеге 152 автордан 180-ге тарта шығарма ұсынылған. Оның 30-ы байқау талаптарына сай емес. Алайда 122 жас қаламгердің 41 ертегісі, 81 шағын әңгімесі додаға қатысуға лайық деп танылып, оның 12-сіне орын бұйырды.

  • Ұлттық сананы тамырынан үзіп алмай, жаңа заманға сай етіп бейімдеудің басты тетіктерінің бірі – жас ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің қайнар-көзімен сусындата білу өте өзекті. Қазіргі таңда қазақ тілінде балалар әдебиеті бағыты бойынша жаңа есімдер көп емес. Сондықтан осы жобаға ерекше көңіл аударып отырмыз. Мұндай байқаулар балалардың әдебиетке, шығармашылыққа, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады деген сенімдеміз — деп атап өтті «Қазақстандық қоғамдық даму институты» Басқарма Төрағасы Қ. Майгелдинов.

Бәйгеге  Ақын, ҚЖО басқармасының І орынбасары, «Құрмет» орденінің иегері Ақберен Елгезек, балалар жазушысы, сценарист, «Алтын Қалам – 2014» тәуелсіз әдеби байқауының жеңімпазы Зәуре Төреханова, белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қуандық Түменбай, белгілі балалар жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ділдар Мамырбаева, жазушы, Халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауының жеңімпазы Бейбіт Сарыбай төрелік етті. 

 Байқау нәтижесі бойынша «Шағын әңгіме» аталымында 1-орынды Досхан Жылқыбай «Түс көре алатын робот» шығармасы үшін иеленді. Ал «Қозының періштесі» атты әңгіменің авторы Сағынбаева Дәметкен 2-орын алды. 3-орын Жантас Еркінұлына «Ақ шаш» әңгімесі үшін берілді. Ынталандыру сыйлықтары Ерзат Молдабекұлына («Мамыргүл» әңгімесі), Ділназ Есболатоваға («Марстағы бір күн» әңгімесі), Айгөлек Өмірбекке («Әке» әңгімесі), Гүлден Жылкелдиеваға («Пума» әңгімесі), Нұрсұлтан Серікбаевқа («Шешілмеген жұмбақ» әңгімесі) табысталды.

 «Ертегі» аталымында бақ сынаған жас жазушылардың ішінде «Ренжіскен кітап пен адамды смартфон қалай татуластырды» атты ертегісімен оза шапқан Азамат Әбілқайыр 1-орынды қанжығасына байлады. 2-орын «Бұлт-шәрі» ертегісі үшін Нұржан Нұрбекке бұйырды. «Сиқырлы кітап» ертегісінің авторы Қазим Тілекқабыл 3-орын алды.  Көкбөрі Қизат («Қазақтың анасы болған мәңгі қартаймайтын үш пері қызы» ертегісі), Гүлбақыт Әбсат («Ең сұлу құс» ертегісі), Ержан Күркеев («Тіс жегі қалай пайда болды?» ертегісі), Айым Махаева («Ауа сататын патша» ертегісі), Азиза Урах («Патша арыстан» ертегісі) ынталандыру сыйлығын місе тұтты.

Тегтер: алтын сақа
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Шәмшінің хатынан жеткен сыр: жүректен шыққан ән – елдің Әнұраны

Шәмшінің хатынан жеткен сыр: жүректен шыққан ән – елдің Әнұраны

15.08.2026, 17:10
Таразда «Тыңда дала, Жамбылды!» облыстық термешілер байқауы өтті

Таразда «Тыңда дала, Жамбылды!» облыстық термешілер байқауы өтті

13.08.2026, 20:59
Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына жаңа орынбасар тағайындалды

12.08.2026, 11:14

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.