• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алтай Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты

turan_admin turan_admin
24.12.2022, 10:24
Облыс жаңалықтары
Алтай Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты
184
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жоба өңірлердің ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, бүкіл ел көлемінде іске асатын болады. 2023 жылдан бастап «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» жүзеге асыру аясында барлық ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беріледі. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында жобаның орындалу барысымен танысты.

Жамбыл облысында пилоттық жоба басталғалы 20-дан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 2300-ге жуық жаңа жеке кәсіпкерлік іске қосылған. Бұл шаралар АӘК алушылардың санын қысқартып, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы аясында құрылған бірқатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін аралады.

Қордай ауданында кооператив басшысы Т. Сәрсембаев «ECO Chicken» құс фермасын кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Мәселен, жақын арада жалпы қуаты 520 тонна құс етін құрайтын 8 модульдік құс фабрикасын, 2025 жылға дейін тағы 100 модульдік құс фабрикасын орнату жоспарлануда. Кәсіпорын тәжірибесімен бөлісе отырып, басқа кооперативтерге өз ісін ашуға және жұмыс орындарын құруға көмектеспек.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Меркі ауданы, Сұрат ауылында ашылған «Даму Сурат» ауыл шаруашылығы кооперативінде де болды. Кооператив ауылдықтарға егістік пен үй іргесіндегі жерлерді игеру, өнім өткізу бойынша қызмет көрсетеді. 2019 жылы кооператив 22 бірлік техниканы лизингке алған.

«Сатымбаев» ЖК басшысы жобаның бірінші бағыты аясында 5 соттық жерге жылыжай салып, жылына 12,5 тонна қияр жинауда. Сондай-ақ, консерві цехын іске қосқан.

Алтай Көлгінов облыстың Байзақ ауданындағы бірқатар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің де жұмысымен танысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаны іске асырудың маңыздылығына тоқталып, оның, ең алдымен, халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталғанын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарының табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, жергілікті жерлерде жұмыс орындарын құру, өз өнімдерін шығару. Мұнда ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба сапалы іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында іске қосылған жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Енді осы тәжірибе бүкіл ел көлемінде таратылатын болады. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Өз кәсібін ашқысы келетіндер осы бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалана алады. Олар өз кәсібін аша отырып, басқа да ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құратын болады, — деді вице-премьер Алтай Көлгінов.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.