Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Ол бұл қызметке өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын. Ал осы лауазымға дейін Алтай Сейдірұлы Астана қаласының әкімі қызметін атқарып келген еді.