Жоба мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, студенттерге арналған заманауи тұрғын үй қорын ұлғайтуға бағытталған.
Мемлекеттік субсидиялау дегеніміз не?
Бұл — мемлекет тарапынан стратегиялық маңызды салаларды қолдауға арналған қаржылық ынталандыру. Алматыдағы студенттерді қолжетімді және сапалы жатақханамен қамтамасыз ету — осы бағдарламаның басым бағыттарының бірі.
Субсидиялау шарттары:
- Жаңа жатақхана салу (инвестордың жеке қаражаты есебінен):
Мемлекет 1 орынға жылына 230 АЕК (2025 жылы 904 360 теңге) көлемінде 6 жыл бойы өтемақы төлейді.
- Бар ғимаратты қайта жаңғырту (инвестордың жеке қаражаты есебінен):
Мемлекет 1 орынға жылына 92 АЕК (361 744 теңге) көлемінде 8 жыл бойы өтемақы төлейді.
2025 жылғы 1 қаңтардағы деректер бойынша 1 АЕК = 3 932 теңге.
Инвесторлар үшін артықшылықтар:
Студенттерден тұрақты тұру ақысы түрінде кіріс алу мүмкіндігі;
Жатақхана базасында коммерциялық алаңдарды тиімді пайдалану;
Банктік несиелер бойынша субсидиялар алу мүмкіндігі;
Жер телімдерін алу мүмкіндігі;
Құжаттарды рәсімдеуде тегін заңгерлік кеңес пен толық қолдау көрсету.
Жобалық кеңсе туралы:
Алматы қаласында студенттік жатақханалар құрылысына қолдау көрсету мақсатында құрылған жобалық кеңсе мемлекеттік бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуын үйлестіреді. Қазіргі таңда 120-дан астам инвестор бағдарламаға қызығушылық білдірді, бұл студенттік инфрақұрылымды дамытуға бизнестің жоғары қызығушылығын көрсетеді.
Байланыс ақпараты:
Мекенжай: Алматы қаласы, Байтурсынұлы көшесі, 22к1, 4-қабат
Телефон: +7 701 528 28 37
Байланыс: Дамир Кутумов, жобалық кеңсе жетекшісі