• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 11:29
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сатыбалды жастарды пәтерлерінен шығарып жатыр

turan_admin turan_admin
17.12.2025, 22:05
Қала жаңалықтары
Сатыбалды жастарды пәтерлерінен шығарып жатыр
375
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистің 2025 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы баяндап, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі қаланы дамытудың негізгі басымдықтары мен жоспарларын таныстырды.

Әлеуметтік салада 2025 жылы 37,1 мың оқушыға арналған 22 білім беру нысаны салынды. Бұл мектептердегі орын тапшылығын едәуір азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, алдағы кезеңде 16 балабақшаны пайдалануға беру және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 10 мың қосымша орынға мемлекеттік тапсырыс орналастыру жоспарлануда.

Алматы қаласында жастарға арналған арендалық тұрғын үй бағдарламасы 2019 жылы іске қосылған болатын. Бағдарлама аясында пәтерлер 5 жыл мерзімге берілді. 2024 жылы алғашқы қатысушылардың жалдау мерзімі аяқталды.

Қазіргі таңда 1 мыңнан астам пәтерді қайтару жоспарланған, оның 900-ге жуығы жастардың өз еркімен қайтарылды. Бұл азаматтардың бір бөлігі өзге тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспанаға қол жеткізген.

Сонымен қатар шамамен 150-ге жуық пәтер әлі босатылмаған. Аталған мәселе бойынша сот органдарына жүгінгенбіз, сот шешімдері қала әкімдігінің пайдасына шықты. Алдағы уақытта бұл пәтерлер толық босатылады деп күтілуде.

Жалпы, жастарға шамамен 4 500 арендалық пәтер берілген. Тексеру барысында кейбір азаматтардың пәтерлерді үшінші тұлғаларға жалға бергені анықталды. Мұндай жағдайларда шарт талаптары біржақты тәртіппен бұзылып, пәтерлер қайтарылып алынып, басқа мұқтаж азаматтарға беріледі.

Босатылған пәтерлер қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, келесі жылы өзге тұрғын үй бағдарламалары аясында қайта пайдалануға берілмек.

Қалада реновация жобалары кварталдық тәсілмен жүзеге асырылуда. Егер реновация аумағында мектеп мәселесі шешілмесе, құрылыс жүргізуге рұқсат берілмейді. Сонымен қатар, жеке құрылыс салушылардың әлеуметтік жауапкершілігі аясында қазіргі таңда Алматы қаласында шамамен 13 құрылыс компаниясы мектептерді өз қаражаты есебінен салып беруде.

2025 жылы қалада 20 мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, қала бюджеті есебінен қосымша 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қолданыстағы мектептерді кеңейту мақсатында қосымша ғимараттар салынуда.

2026–2030 жылдарға дейінгі жоспарға сәйкес, Алматы қаласында қажеттілікке байланысты 69 мектеп салу көзделген. Оның ішінде аса қажетті 17 мектеп бойынша нақты жоспарлар әзірленген.

Сонымен қатар, негізгі мәселелердің бірі – жер телімдерінің басым бөлігінің жекеменшікке өтіп кетуі. Осыған байланысты қала әкімдігі жер телімдерін анықтау немесе құрылыс салушыларға мектеп салуды ұсынып, кейіннен бұл нысандарды сатып алу тетіктерін қарастыруда.

Тегтер: Дархан Сатыбалды
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

02.09.2026, 13:15
Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

25.08.2026, 17:00
Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

25.08.2026, 16:51
Ұлы Абайдың 181 жылдығына орай тағзым жасалды

Ұлы Абайдың 181 жылдығына орай тағзым жасалды

11.08.2026, 09:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.