2021 жылдың 20 қаңтарында “Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы” КММ Талас аудандық прокурының атына Қ:А.Сагинтаевқа берілген жер учаскесінің ауыл тұрғындарының жайылымдық жерінен заңсыз берілгені көрсетіліп, жер учаскесін қайтаруға бағытталған шаралар қолдану туралы нұсқама берілген. Жер учаскесінің көлемі 1086 гектар. Жер учаскесі “Бөлекқызыл” көлін толықтай қоршап алған екен. Қыстаубай Әбдірұлына заңсыз жерді пайдалану мерзімі ұзартылып, жер телімін үш мемлекеттік акт арқылы бөліп алған.
2021 жылдың 19 сәуірдегі Жамбыл облысы Талас аудандық сотының судьясы М.К.Байтасованың төрағалық етумен Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының директоры Қыстаубай Сагинтаевтан 1086 га жер мемлекетке қайтарылды.
Сотта анықталғандай, Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімі К.А.Сагинтаевқа уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 10 жыл мерзімге бақша өсіру үшін берген 2017 жылғы 04 сәуірдегі №2-ш шешімі “Жер Кодексінің” талаптарына сай келмейді.
Біріншіден: 2017 жылғы 04 сәуірдегі №2-ш шешімімен Кеңес ауылдық округінің әкімі К.А.Сагинтаевқа бөлініп берілген көлемі 1086 га жер учаскесі, тұрғын халықтың мұқтажына пайдаланылуға берілген «мал жайылымдық» жерінен берілген. Яғни, Кеңес ауылдық округінің әкімі Б.Дуанбек, «Талас ауданының ауылдық (селолық) округтерінің шекараларын бекіту туралы» 2004 жылғы 09 сәуірдегі Талас аудандық маслихаты мен Талас ауданы әкімиятының бірлескен шешіміне, оны бекітуге негіз болған ауылдық округтердің қызмет көрсету аймағы телімдерінің жер экспликациясындағы, сызбасындағы К.А.Сагинтаевқа берілгелі жатқан жер учаскесінің тұрғын халықтың мұқтажына арналған «жайылымдық жер» деп бекітілгеніне, сол себепті жеке тұлғаларға берілмейтініне қарамастан, ол жер учаскесін К.С.Сагинтаевқа берген.
Екіншіден: бақша өсіру үшін уақытша өтеусіз жер пайдалануға берілуге жататын 5 жылдық шекті мерзім бұзылып, К.А.Сагинтаевқа 10 жыл мерзімге берілген.
Үшіншіден: бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін уақытша өтеусіз пайдалану құқығымен берілетін жер учаскелерінің аумағы 1 гектардан аспайтын мөлшерде берілуге жататындығы ескерілмей, 1086 га-ны құрайтын мөлшерде берілген.
Сонымен қатар, Кеңес ауылдық окургінің әкімі Б.Дуанбек, Жер Кодексінің 35-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскесі өтеулі (жалдау) немесе өтеусіз (тегін) беріледі дегеніне қарамастан, жауапкер К.А.Сагинтаевқа берген, дау тудырып отырған жер учаскесін «уақытша өтеусiз жер пайдалану (жалдау)» құқығымен берген. Яғни берілген жер учаскесінің не өтеусіз, не өтеулі екендігін нақтыламаған.
Алайда, шешімнің бұл бөлігіндегі мәліметті Кеңес ауылдық округінің қазіргі кездегі әкімі Е.С.Тәттібай, Кеңес ауылдық округінің сол кездегі әкімі Б.Дуанбекпен жер беру туралы шешімді жазу барысында жіберген техникалық ақаулықтары деп түсіндіріп, жауапкер К.А.Сагинтаевқа берілген жер учаскесінің уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берілгенін растады.
Қорыта келе, Қыстаубай Сагинтаевтың ауылдық округ әкімі Б.Дуанбек жасаған әрекеттері заңсыз екендігін толықтай дәлелденді. Осыдан кейін елдің жерін өзінің меншігіне алған Алматы қаласы әкімінің туысы қалай әлі жоғары қызметте отыра береді?
Қоғамға адалдық принципін дәріптеп жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Мемлекеттік қызмет істері Агенттігіне және Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігіне К.Сагинтаевтың әрекетіне сұрау хат жолдаған болатынбыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) мен Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ хатты қайта жібергендіктері туралы хабарлаған болатын.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) turaninfo.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы Исламбек Дастанұлынан келіп түскен журналистік сұрау бойынша келесі ақпаратты хабарлайды.
Мемлекеттік корпорацияның Жамбыл облысы бойынша филиалынан алынған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 9 ақпанда Талас аудандық сотының өндірісіне талап қоюшы «Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасы» КММ-нің жауапкер Талас ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.С. Тәттібайға, «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-не, К.А. Сағынтаевқа Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 04 сәуірдегі 12-ш шешімінің күшін жою, «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ мен К.А. Сағынтаевтың арасында жасалған 2017 жылғы 7 сәуірдегі жер телімін жалға беру туралы №35 келісімшарты, 2020 жылғы 20 наурызындағы жер учаскесін жалға беру туралы №138, 139 келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызы түскен.
19 сәуір 2021 жылы №3162-21-00-2/52 санды Талас аудандық сотының шешімі негізінде «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ мен азамат К.А. Сағынтаевтың арасында жасалған аталған келісімшарттар жарамсыз деп танылды.
Сонымен қатар сот шешіміндегі көрсетілген «тіркеуші орган «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» ҚЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі келісімшарттарды тіркеуден өткізіп, заң бұзушылықтарға жол берген. Ал 2020 жылғы 20 наурыздағы №138,139 келісімшарттарда, тіпті келісімшарттардың екінші тарабы – жауапкер К.А.Сағынтаевтың қолы қойылмаған» бөлігі туралы келесіні ескеруді сұраймыз.
2020 жылғы 20 наурызда №002194228249, 002194227129 мемлекеттік тіркеуге өтінішпен жүгінген азамат К.А. Сағынтаев келісімшарттың үш данасын ұсынған, оның екі данасында ғана өтініш берушінің қолы қойылған болатын. Мемлекеттік тіркеу кезінде үш данаға мемлекеттік тіркеуден өткені жөніндегі штамп, мөр басылып бір данасы өтініш иесіне берілді. Ал қалған екі данасы (қолы қойылмағанымен қоса) мұрағаттық құжат тіркеу ісіне тігілді. Алайда Талас аудандық сотының судьясы тіркеу ісінің көшірмелерін сұратқан кезде қолы қойылмаған қате келісімшарттың көшірмесі ұсынылып кеткен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушінің зейнеткерлік жасқа толған жұмыскермен өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзартуға құқығы бар.
Мемлекеттік корпорацияның Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры К.А. Сағынтаевтың көшбасшылық жұмыс тәжірибесі, ұйымдастырушылық дағдылары, жоғары кәсіби және көпжылдық біліктілік деңгейі бары ескеріле отырып, онымен еңбек шарты ұзартылған болатын.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Басқарма төрағасы Ә. Қожықов
Жауапта байқағандай екі рет зейнетке шыққан, жаңа технологияларды меңгере алмаған басшысы жоғарыдағы басшылар шаң жуытпайды. Елдің жерін қолды еткен зейнеткерді жауапқа тартатын басшылардың болмай тұрғаны қынжылтады. Елдің арасында үкіметке деген сенімділіктін болмауының себебі осындай жағдайлар немқұрайлы қараған биліктің әрекеті болар.
Айта кетерлігі, жоғары кәсіби біліктілігі жоғары директор жылы “креслода” ары қарай отыра бере ме? Әлде, дамыған елдердің басшылары секілді өз еркімен кете ме?
Сот үкімі күшіне енді.
TURANINFO.KZ