Сәтбаев көшесіндегі офистердің бірінен күдіктіден 3 «Sim-Box» құрылғысы тәркіленді. Жабдық слоттарынан қазақстандық және ресейлік ұялы байланыс операторларының 80-нен астам SIM-картасы табылды. «Sim-Box» жабдығын алаяқтар жаппай қоңыраулар шалу, хабарламалар тарату және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланады.
Аталған факті бойынша абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚР ҚК-нің 213-бабы). Бұл соңғы айдағы осындай құрал-жабдықтардың екінші рет анықталуы. Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық сақтауға шақырады. Егер сізде осындай жабдықты қолдану туралы ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Сондай-ақ жеке деректердің құпиялылығын сақтау қажеттігін еске саламыз: кіру кодтарын, парольдерді және банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға бермеңіз.
Алматы қаласы прокуратурасының сайты