• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қайсар Анамен кездесу

turan_admin turan_admin
04.03.2021, 18:31
Облыс жаңалықтары
Қайсар Анамен кездесу
426
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұлттық өнердідәріптеуші, қайсар ана, кәсіпкер, «Жасау Тараз» орталығының иесі Анар Бексұлтановамен «Қайсар ғұмыр, ғажап талант» онлайн кездесу кешін ұйымдастырды.

Кездесу барысында Анар Сағынтайқызы, ең алдымен, балалық шағының куәсі, ұядан көрген тәрбиесінің арқасында ұлттық өнерді өн бойына сіңіріп, өзі үлгі боп отырған аяулы қыздарына да бұл кәсіп түрінің дарығандығын жеткізді. Қазақтың ұлттық оюларының сан түрімен жұмыс жасап, қазір де заман ағымына қарай жастардың сұранысына орай түрлі
құрақ құрауда. Биология мамандығында білім алған Анар Сағынтайқызы тігін саласына келіп, осылай кәсіп ашып кетемін дегеніне о баста сенбеген екен. Отбасының, бауырларының, ұстаздарының қолдауының арқасында өзіне деген сенімділігі артқан.

Тағдырдың түрлі сынағында өзінің өжеттігі мен қайсарлығының, сенімділігі мен төзімділігінің арқасында мойымаған қайсар ана өз өмірі туралы ой өрбітті:

   «Бұл дүниеге екі қолсыз келсем де, өзімді мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарынанмын деп есептемеймін. Бұл — менің кемшілігім емес. Жоғары оқу орнын аяқтап, облыстық музейде жұмыс істеп, екі қыз тәрбиелеп, жеке кәсіпкерлікті де қосымша алып, қазіргі күнде мен кәсіпкер деген атақ алып отырмын. Бүгінде жұмыс істеймін деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау өте көп. Тек еңбектеніп, ізденуі керек. Ешкім алдына дайын дүниені жасап алып келмейді. Мен аяғыммен іс тігумен қатар, сурет салу, бақ гүлдерін өсірумен айналысамын. Гүлді өсіруде де ерекше күтім керек. Ол да бір бала тәрізді. Бірде ауырып, бірде мазасызданып түрлі күйге ұшырап отырады. Тіпті, бақшамда қыздарыммен қатар өсіп келе жатқан гүлдер де бар. Адамдарда алға деген ұмтылыс, сенім болса, кез келген ауыртпалықты еңсеруге болады».

Айта кету керек, Анар Сағынтайқызы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 миллион теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, тігін цехын ашқан болатын. Содан бері елден тапсырыс алып, қыз жасауын тігуде. Техникаларының қатарын да арттырған көрінеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тапсырыс берушілер өте көп екен. Онлайн оқырмандар өз иесіне енді ғана аттанғалы отырған керемет қыз жасауының куәсі болды. Анар Сағынтайқызы әсерлі әңгіме соңында барша нәзік жандыларды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.