• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:52
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аймақ басшысы Тараздағы білім ошақтарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын тексерді

turan_admin turan_admin
23.05.2020, 18:55
Облыс жаңалықтары
Аймақ басшысы Тараздағы білім ошақтарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын тексерді
196
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар білім нысандары мен «Даңқ» аллеясын аралап, ондағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Ə.Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясы өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған. Уақыт өте келе, оқушылар саны көбейіп, оқу ғимаратын кеңейту қажеттілігі туындады. Білім ошағы жанынан 300 орынды жапсарлас нысан салу үшін биыл облыстық бюджеттен 347,4 миллион теңге бөлінді.

Нысанның құрылыс жұмыстарын «ТаразҚұрылысИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Оның барысы туралы серіктестік басшысы Райымбек Байдаулетов баяндады. Оның айтуынша, құрылыс алаңында 30 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда нысанның жертөлесі салынуда. Серіктестік бұл ғимаратты тамыз айында тапсыруды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде мектеп директоры Ләззат Қызылқұлова екі қабаттан тұратын жаңа ғимаратта қосымша 14 сынып бөлмесі ашылып, оқушылардың бір ауысымдағы сыйымдылығы 1000 орынға жеткізілетінін атап өтті.

Бердібек Сапарбаев мектепті аралап көріп, сыртқы келбетінің бір түсті болуына, ауласының абаттандырылуына, кіре берісінің талапқа сай қайта салынуын және тиісті басқарма басшыларына құрылыстың сапалы жүргізілуін қатаң қадағалауды тапсырды.

Бұдан кейін өңір басшысы №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер — «ТаразЭлитСтрой» компаниясы. Серіктестік директорының міндетін атқарушы Дмитрий Семенов күрделі жөндеу жұмыстары жайлы айтып берді. Құрылыс жоспарға сай жүргізілуде.

Бердібек Сапарбаев құрылыс алаңын аралаған соң мердігерге мектептің 1 қыркүйекте дайын болу керектігін ескертті. 1 қыркүйекте балалар жаңарған мектепке келулері тиіс.

Келесі кезекте өңір басшысы «Қант зауыты» тұрғын алқабындағы «Даңқ» аллеясын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Осыдан 50 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне салынған аллеяның талай жылдан бері күрделі жөндеу көрмегені көрініп тұр. Аллеяны уақыт талабына сай қайта жаңғырту үшін бюджеттен 34 миллион теңге бөлінген. Құрылысты «Самұрық 2020» ЖШС жүргізуде. Серіктестік директоры Нұрғиса Қуанышбаев аллеяны жаңғырту жұмыстары аясында жаңа су бұрқақ салынып, «Мəңгілік алау» стелласы және өзге де көрнекі белгілер пайда болатынын жеткізді. Алайда, бөлінген қаражаттың аллеяны толық жөндеуге жетпейтінін, оның жарты бөлігінің ғана жөнделетінін естіген Бердібек Сапарбаев қалған бөлігіне қанша қаржы қажеттігін есептеп, ұсыныс беруді тапсырды. «Құрылысты бастаған соң оған тиісті қолдау көрсетіледі»,-деді аймақ басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.