• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

АЙБЫНДЫ АЗАМАТҚА АЛҒЫС

turan_admin turan_admin
13.11.2020, 21:10
Облыс жаңалықтары
АЙБЫНДЫ АЗАМАТҚА АЛҒЫС
192
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазіргі уақытта өміріне қатер төнсе де міндетін адал атқарып жүрген полицейлер жетерлік. Олар — бүгінгі күннің қаһармандары. Мәселен бірі білсе, бірі білмес өңірде «Айбын» орденін иемденген жалғыз полицей бар. Оның қызмет бабындағы қайсарлығы мен қырағылығы — бүгінгі өскелең ұрпаққа өнеге. Әңгіме Жамбыл облыстық полиция департаменті жедел криминалистика басқармасының басшысы Берік Сәлемов жайында болғалы отыр. Айталық, ҚР Президентінің жарлығы мен Ішкі істер министрінің батырдың кеудесіне таққан ордені ауданның мерейін бір көтеріп тастады. Осы ағамыздың жолын үлгі ету мақсатында аудандық полиция бөлімінде ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрсейіт Әлімқұлов пен Полатқосшы ауылдық ардагерлер кеңесінің хатшысы Сәпілмәлік Тәжиевтің ұйытқы болуымен салтанатты жиын өтті. Шарада сөз алған аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғатбек Татенов: «Сіз сияқты ел тыныштығын күзетіп отырған азаматтар өзіңізден кәсібилік, адалдық күтеді. Сенімге лайық тәртіп сақшысы ретінде халыққа берген антыңызға берік болғаныңыз үшін, елге қызмет етер осындай ұл тәрбиелеп жеткізген ата-анаңызға алғыс айтамын», – деген ол мерейтой иесіне сый-сыяпат жасап, құрмет көрсетті.
Жиында тұрғындар тыныштығы үшін күні-түні дамыл таппай қызмет еткен ардагерлер марапат алды. Олардың қатарында аудандық полиция бөлімінде ұзақ жылдар еңбек еткен Разақбай Аманбеков, Нұрсейіт Жапарұлы, Едігеш Сұлтанов, Асан Жақыпов, Думан Ахметжанов, Сәпілмәлік Абдуллаұлы, Алдаберген Серікбаев, Дәурен Оразқұлов, Нұржан Тоқбергенов, Болат Исақов, Жарылқасын Исмайлов, Тұрдалы Құрманалиев, Лесхан Абылайсов, Сәкен Мырзабай және Асан Исабеков бар. Иә, олардың кәсіби тәжірибесі кіші буын өкілдері үшін баға жетпес байлық. Жас полицейлердің бойына жоғары адамгершілік құндылықтар, патриоттық сезім, Отанына деген сүйсіпеншілікті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін ардагерлерімізге алғыс білдіруіміз қажет-ақ.

– Мен ішкі істер бөлімінде 30 жылдай қызмет жасадым. Қатардағы милиционерден бастап, ішкі істер бөлімі (полиция бөлімі) бастығына дейін көтерілдім. Бүгінде зейнеткерлікке қалып, жылдар бойғы еңбегіміздің жемісін жеп жатырмыз. Мынандай қиын да ауыр кезеңде қызмет ішкі істер саласындағы қызмет жасайтын жастарға батыл, берік, адал болуларын тілеймін, – деді ішкі істер саласының ардагері Разақбай Аманбеков.

Өз кезегінде полиция бөлімінің басшылығы зейнеткерлердің басын қосып, жас буынға үлгі-өнеге көрсету мақсатында тәжірибе ордасына айналған ардагерлер кеңесінің жұмысын жандандырып жүрген полиция ардагері Нұрсейіт Жапарұлы мен ҚР Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиевтің еңбектерін ерекше атап өтіп, алғаусыз алғыстарын жеткізді. Кеш соңында полиция бөлімінің жеке құрамы ардагер сақшыларға шапан жауып, дастархан басына шақырды.

 

Жәнібек АЙТБЕКҰЛЫ
Журналист

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.