• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

«Айбоз – 2025» ұлттық әдеби сыйлығы лауреаттары

Астанада Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

03.02.2026
0
«Айбоз – 2025» ұлттық әдеби сыйлығы лауреаттары
193
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Мемлекетімізде жүріп жатқан конституциялық реформалар – тек құқықтық өзгерістер ғана емес, елдің болашағын айқындайтын түбегейлі бетбұрыс» – Аида Балаева әдеби сыйлықтарды табыстау рәсімде пікір білдірді.

Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент депутаттары, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты. Жеңімпаздарды құттықтаған Үкімет басшысының орынбасары олардың ұлттық әдебиетті дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, қоғамдық сананы жаңғырту кезеңіндегі қаламгерлердің айрықша рөліне тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елде ақын-жазушыларды қолдауға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясат жүзеге асырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар Аида Балаева конституциялық реформа мәселесіне арнайы тоқталып, онда тарихи мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдауға ерекше мән берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл реформалар құқықтық кеңістікті жаңғыртумен қатар, елдің рухани негізін нығайтуға, ұлттық құндылықтарды заманауи талаптармен үйлестіруге бағытталған.

«Осы күндері біз тарихи кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Мемлекет басшысының әділдік пен біртұтастыққа, заң мен тәртіпке негізделген ауқымды реформалары ел дамуының жаңа бағдарына айналып отыр. Бұл өзгерістер қоғамды жан-жақты жаңғыртудың берік негізін қалыптастырады. Мемлекетімізде жүріп жатқан конституциялық реформалар – тек құқықтық өзгерістер ғана емес, елдің болашағын айқындайтын, қоғамдық сананы жаңғыртатын, азаматтар мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті арттыратын түбегейлі бетбұрыс. Осындай сындарлы кезеңде қоғамның рухани бағдарын айқындау, елді ортақ мұраттарға ұйыстыру – айрықша маңызды», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары тарихи мұраны сақтау мен төл мәдениетті қолдау баршаға ортақ міндет екенін, бұл ұстаным алғаш рет Конституция жобасында нақты көрініс тауып, мәдениет пен руханият мемлекет дамуының маңызды тіректерінің бірі ретінде айқындалғанын айтты.

«Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға, мәдениет пен инновациялық дамуға айрықша басымдық берілуі – мемлекетіміздің стратегиялық ұстанымын айқын көрсетеді. Бұл таңдау елдің басты капиталы – адам әлеуетін дамытуға, әр азаматтың білімі мен дарынын ашуға, прогреске бастайтын жаңа технологиялар мен шығармашылық ойды қолдауға бағытталған. Мұның бәрі Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, ең алдымен рухани қуаты мықты, бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұлт қалыптастырумен тікелей байланысты екенін тағы да дәлелдей түседі. Бұл жауапкершілігі зор миссияда қаламгер қауымының рөлі ерекше. Себебі әдебиет – қоғам айнасы, ұлттың жан әлемі», – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетерлігі, биыл Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша 49 жас автордан өтінім келіп түсті. Нәтижесінде Мемлекет басшысының Жарлығымен сыйлық «Проза» номинациясы бойынша «Тергеуші» шығармасы үшін Арман Әлменбетке, «Поэзия» номинациясы бойынша «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Есжанға, «Драматургия» номинациясы бойынша «Ақ киіз» драмалық туындысы үшін Бауыржан Мұстафиевке, «Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Жазда атамның ауылында…» шығармасы үшін Асылан Тілегеновке табысталды. Ал, 2025 жылы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша барлығы 180 өтінім қабылданды. Байқау қорытындысы бойынша әр номинациядан бір жеңімпаз анықталды.

Тегтер: Аида БалаеваАйбозАйбоз-2025

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты