• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
05.10.2026, 19:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Аида Балаева масс-медиа туралы жаңа заңның жай-жапсарын баяндап берді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Президент тапсырмаларының орындалу барысы бойынша есеп беріп, екі сағат бойы журналистер сауалына жауап берді.

turan_admin turan_admin
06.10.2023, 17:51
Қазақстан жаңалықтары
Аида Балаева

Аида Балаева

169
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында журналистерге масс-медиа туралы жаңа заң жобасын әзірлеу себептерін түсіндірді.

«Масс-медиа туралы» заңды жасау қажет болды. Өйткені 1999 жылы қабылданған «БАҚ туралы» заң моральдық тұрғыдан ескірген. 20 жылдан астам уақыт ішінде ақпараттық сала толығымен өзгерді, заңға ондаған түзетулер енгізілді, бірақ нәтижесінде жаңа заң жобасын әзірлеу мәселесі туындады. Халықаралық тәжірибе зерттелген соң әзірленген заң жобасында түсініктер аппараты маңызды орын алады. Бұл медиакеңістікте жаңа коммуникация құралдарының, процестер мен терминдердің пайда болуынан туындаған қажеттілік», – деді министр.

Министрдің айтуынша, заң жобасы БАҚ сұрауларын қарау мерзімдерін қысқарту, шығармашылық гранттық қаржыландыруға көшу, БАҚ материалдарына талап қою мерзімін белгілеуді көздейді. Оған қоса, журналистердің құқықтары туралы ұлттық баяндама жасау, баспасөз картасы арқылы аккредиттеуді жеңілдету жайы да бар. Бұл новеллалар заңнамалық жүйеге алғаш рет енгізілгенін атап өту маңызды.

«Баспасөз карталарын енгізуге қатысты айтар болсам, бұл тетік қолданыстағы аккредиттеуге балама ретінде әзірленіп жатқанын атап өтемін. Бұл, ең алдымен, журналистердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін жасалады. Біз ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз және оларды журналистердің игілігі үшін пайдалану қисынды. Сондай-ақ, ведомствоаралық комиссия сатысында алынып тасталған ескіру туралы норма мемлекеттік органдармен бірлесе отырып заң жобасына қайта енгізілді. Ескіру мерзімін үш жыл қылу туралы айтылып отыр. Бірақ мен министр ретінде медиа қауымдастық ұсынған мерзім 1 жылды қолдаймын», – деп атап көрсетті Аида Балаева.

Бұдан басқа, «Масс-медиа туралы» заң жобасы аясында мемлекеттік тілде телерадиоарналардың хабар тарату көлемін 50%-дан 70%-ға дейін ұлғайту ұсынылады. Ал 50 де 50  балансы қолданыстағы «БАҚ туралы» заңға 1999 жылы енгізілген еді. 25 жылға жуық уақыт ішінде елдегі мемлекеттік тіл мен отандық контентті дамыту бағытындағы трендтер өзгерді.

Өз кезегінде министрге Turaninfo.kz ақпарат агенттігінен сауал жолданды. “Аида Ғалымқызы, 2011 жылы Тараз қаласында террористік акт болып, жерлесіміз Ғазиз Байтасов ажал құшты. Ерлігі үшін Президент Жарлығымен ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ атанды. Осы қанды оқиға туралы креативті индустрия бойынша  жамбылдық режиссер Ержан Кабдуллиннің көркем фильм түсіру жоспары бар. Бұл бастамаға мемлекеттен көмек бола ма?” делінген сауалымыздың мазмұнында.

Сұрағымызға Аида Ғалымқызы: “Мемлекеттен көмек болады. Егер ол кісі бір жариялаған конкурстарға қызықты сценарий жазып, заң бойынша құжаттарын толықтырып, өтінім берсе. Мұны байқау анықтайды. Біз сценариін әкелген режиссердің бәріне қаражатты бет алды бөле берсек жүйелі жұмыс болмайды. Егер Қазақфильм, басқа да орталықтардың шеңберінде бірлесіп жұмыс істеуге болады”,-деп жауап берді.

Тегтер: Аида БалаевабрифингҒАЗИЗ БАЙТАСОВҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіхалық қаһарманы туралы фильм
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11
Астанада алғашқы қар жауды

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14
Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59
Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

Тоқаев ұстаздарға үндеу жасап, білім саласындағы басты міндетті атады

05.10.2026, 15:50
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда қай өңірлерде қар жауып, үсік түседі: 6 қазанға арналған ауа райы болжамы

05.10.2026, 19:11

Шу қаласы тұрғынының ауласынан 10 келіден астам гашиш табылды

05.10.2026, 19:05

«Таза Қазақстан»: Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

05.10.2026, 19:05

Астанада алғашқы қар жауды

05.10.2026, 16:14

Ұстаздар күні: Үздік педагогтерге мемлекеттік награда берілді

05.10.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында бұрынғы аға прокурор екі айға қамауға алынды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.