• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Адал азамат. 4 млн-ға жуық оқушы тәрбие бағдарламасымен қамтылды

4 миллионға жуық қазақстандық оқушы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасымен қамтылды

Turan Redaktor Turan Redaktor
19.03.2025, 16:44
Қазақстан жаңалықтары
Адал азамат. 4 млн-ға жуық оқушы тәрбие бағдарламасымен қамтылды
74
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстандық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында «Қамқор», «Шабыт», «Смарт бала», «Еңбегі адал – жас өрен», «Ұшқыр ой алаңы» және «Балалар кітапханасы» атты алты ірі жоба іске асырылып, 4 миллионға жуық оқушыны қамтыды. Бұл бастамалар құндылыққа бағдарланған тәрбие беруге бағытталған 77 қадамдық іс-шаралар кешені арқылы жүзеге асуда.

«Қамқор» жобасы аясында еліміздің 3 миллионнан астам білім алушысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, сенбіліктер ұйымдастырды, 2,1 миллионға жуық көшет отырғызды.

«Шабыт» жобасы балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған. Ел көлемінде өткен жоба аясында 2 миллионнан астам бала домбыра тартуға қатысты. Бұл бастама ұлттық өнерді насихаттаудың ең ауқымды шараларының бірі болды. Сондай-ақ, «Әншуақ» балалар ән фестивалі жас орындаушылар арасында үлкен танымалдыққа ие болды. Мектептерде оқушылардың мәдени-ағартушылық бастамаларға қатысу белсенділігі жоғары. «Даналық ұстаздан», «Мақтанышым – Республикам!», «Жетістігім – еліме!», «Алғыс айту күні», «Ананың аялы алақаны» секілді байқауларға 3 миллионға жуық оқушы қатысты.

«Наурыз мейрамы қарсаңында жас ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, отансүйгіштік сезімін нығайту және ұлттық мұраны сақтау мақсатында еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде күй орындалады. 20 наурыз күні сағат 11:00-де республикалық домбырашылар челленджі өтеді. Оған 1 млн-ға дейін оқушы мен педагогтер қатысады деп күтілуде», – деп мәлімдеді Тәрбие және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.

Тәрбие бағдарламасында, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Балалар кітапханасы» жобасы іске қосылды, оның аясында 2580 кітаптың тізімі жасалды. Сонымен қатар, 2024 жылы мектеп оқушыларына цифрлық форматта әдеби шығармаларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін балалар кітапханасының онлайн-порталы іске қосылды.

Отансүйгіштік пен ұлттық бірегейлікті нығайту мақсатында мектептерде оқу аптасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталады. Үзіліс кезінде оқушылар «асық ату», «тоғызқұмалақ», «бес тас» сынды ұлттық ойындарға белсене қатысады.

Көктемгі каникул уақытында мектептерде үйірмелер мен секциялар жұмыс істеп, қосымша шаралар өткізіледі. Балалар әр айдың үшінші жексенбісінде және каникул уақытында музейлерге тегін бара алады. Оған қоса, театрларда балаларға арналған қойылымдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Қазақфильмнің» алтын қорындағы фильмдер мен анимациялық фильмдерді мәдениет және білім беру ұйымдарында тегін ұжымдасып тамашалау мүмкіндігі жасалуда.

Оқу-ағарту министрлігі

Тегтер: ҚР Оқу-ағарту министрлігіоқушытәрбие
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.