ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті еліміздегі тиімді мемлекеттік басқару мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын іске асыруда ашықтық пен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында азаматтық, мемлекеттік және саяси органдармен байланысты іске асыруда.
Қол қойылған меморандумдар шеңберінде Департамент бірлескен жобалар мен жоспарларды, соның ішінде «Нұр Отан» партиясымен белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Мемлекет басшысы Жолдауының 8-ші және 9-шы бағыттарын іске асыру бойынша қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және «Нұр Отан» партиясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, «Қоғамдық бақылау картасы» және «Жасырын тұтынушы» жобалары аясында бірлескен іс-қимылдың жаңа форматын қалыптастыруды көздеп отыр.
Осы форматта жұмыс, ең алдымен, уақыт талаптарын ескере отырып, Елбасымен қойылған елдегі сыбайлас жемқорлықты жою және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру бойынша міндеттерді, сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы ақпарат алмасу, бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шараларын әзірлеу жөніндегі міндеттерді тиімді іске асыруға бағытталған.
Осылайша, Меморандум бірлескен құқықтық жұмысты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді және тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жаңа серпін береді.