• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:18
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ана арманын арқалаған Айсұлу

turan_admin turan_admin
03.03.2018, 19:12
Абырой, Облыс жаңалықтары
Ана арманын арқалаған Айсұлу
581
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қызметтік форма киіп, иығына погон таққан әйел адамдарды көрсек сол жанға деген ерекше құрмет өздігінен ойға келетіні жасырын емес. Әйелдер қауымының бұл сипаты бойына ер жүректілік пен нәзік жандылықты қатар дарытқан батыл жандар. Қызметінің талабына қарай қаталдықты қалыптастырғанымен әйелге тән қасиетті жоғалтпаған Айсұлу Баракқызы Мұсабек он бір жылдан бері Шу аудандық ішкі істер бөлімінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі ювеналды топтың аға инспекторы, полиция майоры ретінде адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымай қызмет атқарып келеді. Айсұлу Баракқызымен сұхбат жүргізу барысында оның бойынан қаталдықтан гөрі мейірімділік пен жүрегінің жұмсақтығын көбірек байқағандай болдық.
— Айсұлу Баракқызы, сезіне білген адамға сіз атқарып отырған қызметтің әйел адамы үшін жүгі ауыр. Әу баста осы салаға келуіңізге не түрткі болды?

— Анам жас кезінде Қарағанды қаласына құқық қорғау саласы бойынша оқуға тапсырып, белгілі бір себептермен мамандықты толық меңгере алмайды. Осы салада қызмет атқармағаны үшін көпке дейін өзегін өкініш өртеді. Мен мектеп табалдырығында жүргенімде маған үлкен үміт артып, «Мендегі арманды сен орындарсың» дегенді жиі айтып отыратын. Санамда анамның осы бір сөзі жатталып қалғандықтан ба мені де осыдан басқа мамандық қызықтырмады. Мектепті аяқтай салысымен Қырғыз мемлекеттік университетіне оқуға қабылданып, заңгер мамандығын алып шықтым. Осы дипломмен Шу аудандық ішкі істер бөліміне кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жасау бағыты бойынша қызметке орналасып, содан 11 жылдан бері осы жұмысты жалғастырып келемін.
— Қиын балалармен жұмыс жасау күнделікті ісіңіз болғандықтан ата-анасының қарауынсыз қалған немесе жәбір көрген жалпы түрлі жағдайға ұшыраған балалармен кездесіп жатасыз. Өзіңізде анасыз ғой, жұмыс барысында балаға деген мейіріміңіз бен жанашырлық сезіміңіз басымдылық танытып жататын кездеріңіз болады ма?
— Әрине, ана болғаннан кейін аналық мейірім басым болып тұрады. Еңбек жолымның алғашқы жылдарында кәмелетке толмаған жасөспірім қызға байланысты бір жағдай орын алды. Анасының қарауынсыз қалған қызға өкіл әкесі зорлық көрсетпекші болған. Дер кезінде хабарласқан мектеп мұғалімдерінің арқасында біз ол қызы Тараз қаласындағы «Жетімдер үйіне» өткізетін болдық. Таразға жеткенше жетім қалған қызға әбден бауыр басып қалдым. Қош айтысатын сәтте бір-бірімізді қимай құшақтасып, көзімізге жас алғанымыз әлі есімде. Өскенде мені іздеп келетінін айтты. Мен оның дұрыс жолға түсіп, адал еңбек етіп жатқандығына сенемін.
— Жұмыс барысындағы біліктілігіңізді отбасылық өміріңіздегі бала тәрбиесімен ұштастыра алдыңыз ба?
— Мен баланы құрсақтан тәрбиелеу керектігіне көз жеткіздім. Баланы ешкімнен кем не артық емес, өзгелермен тең дәрежеде тәрбиелеген жөн. Қысым көріп өскен бала да қылмысқа баруы мүмкін. Сондықтан балаға да ойын еркін жеткізуге, қолынан іс келтіруге ерік беру керек. Сонда ғана өзіне деген сенімділік қалыптасып, ата-анаға деген құрметі де артады деп ойлаймын. Жұмыс барысында түрлі отбасылық жағдайға кезіктім. Ата-аналық құқықтарын өздері аяққа таптайтын, тоғыз ай көтеріп өмірге алып келген баланы тәрбиелеу былай тұрсын, олардың материалдық жағдайына да бей-жай қарайтындар өкінішке орай көп кездеседі. Әсіресе, әйел адамдардың ішімдікке салынып, өз былығына өздері батып жататындары да бар. Ал біздегі міндет — баланың дәл сол ата-анасы секілді өмірлерін қалыптастырмауына, зорлық-зомбылық көрмеуіне, қылмысқа бармауына қол ұшын созып, соның алдын алу. Нақтырақ айтқанда, өзгенің де баласын тәрбиелеу болып табылады. Сондықтан өз тарапыма «Алдымен өз балаңды тәрбиеле» деген ащы сөз келтірмес үшін Алла берген үш қызым мен бір ұлыма барынша өнегелі тәрбие беруге тырысып келемін.
— «Әйел сұлу әдебімен» деген қазақта жақсы тәмсіл бар. Сіздіңше әйел заты қандай қасиеттерге ие болуы керек?
— Әйел адамы жан-жақты болуы қажет. Салт-дәстүрге берік, күш-жігері жеткілікті, ақыл-даналығы озық және ең бастысы еңбекқор болғаны жөн деп есептеймін. Осы аталғандар арқылы өмір салған бұралаң жолдардан өте алады. Қызмет жолым маған көп нәрсені үйретті. Әсіресе, «қыздың қырық жандылығын» десем артық болмас.
— Жетістік деген сіз үшін атақ-абырой ма, әлде жұмысыңыздың нәтижесі ме?
— Мен атақ пен абырой үшін тырысқан емеспін. Адал еңбек арқылы өзгеден алғыс пен бата алу мен үшін үлкен жетістік. Осы тұста мына оқиғаны мысал ретінде айтып өтсем болады. Бірде егде тартқан ана жұмысыма келіп, қызының ішімдікке салынып кеткендігін, үш баласының қараусыз қалып бара жатқандығын айтып қынжылды. Қызының үйіне барсам расында ащы судың арбауынан арыла алмай қалған екен. Ол кісінің жан дүниесін түсінуге тырысып, ашық сөйлесіп көрдім де өз ақыл-кеңесімді жеткіздім. Ішімдіктің соңы жақсылыққа алып бармайтынын түсінген әйел бір-екі жылда жұмысқа орналасып, үй алып, аяққа тұрып кетті. Ал анасы мені көрген сайын аналық ақ батасын жаудырып, ризашылығын білдіріп тұрады. Мақтанғаным емес, бірақ ұжымым мені жас мамандарға үздік тәрбиеші ретінде бағалайды. Себебі мен тәрбиелеген жас мамандар жоғары орындарға жұмысқа орналасып, көптеген жетістіктерді бағындырып келеді. Ал мен жеткен жетістіктер тікелей ұйымшыл ұжымымның арқасы деп білемін. Олай дейтінім, маған қай кезде де қолдау көрсетіп, тер төккен еңбегімді бағалап, мерейімді асырып келеді. Сондықтан білікті де тәжірибелі мамандардан құралған Шу аудандық ішкі істер бөлімінің ұжымына айтар алғысымның ұшан-теңіз екендігін жеткізгім келеді.
— Әңгімеңізге рахмет, еңбек жолыңыз бен өмір жолыңыз толайым табыстарға толы болсын!

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.