• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

Жамбылдықтар бір-бірінен ізгі істерімен озуда

31.10.2017
0
Жамбылдықтар бір-бірінен ізгі істерімен озуда
249
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбылдықтар бір-бірінен ізгі істерімен озуда

Жамбыл облысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ілгерілету аясында Тараз қаласы мен барлық он ауданда бір мезгілде «Туған жерге туыңды тік!» атты ауқымды акциясы бастау алды.
Акция барысында белгілі жамбылдықтар мен меценаттар жерлестерімен кездесіп, өздерінің табысқа жету тарихымен бөлісіп қана қоймай, өңірде бағдарламалық құжатты іске асыру бойынша алдағы қадамдарын белгіледі.
Адамзат алғашқы жеңістікке және алғашқы табысқа қол жеткізген өзінің туған жерін қашанда ұмытпауы керек. Ал туған жерге және оның тұрғындарына деген көрсетілген көмектен артық қандай жақсылық бар десенші?
Сондықтан, осы іс-шараның ең басты мақсаты да облыс ауылдарынан шыққан кәсіпкерлерді, қоғам қайраткерлерін, ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарды, зиялы қауым өкілдерін туған өлкенің дамуына, кіші отан үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін оятуға негізделген болатын.
Атап айтқанда, Байзақ ауданының тұрғындарымен Олимпиада чемпионы, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, атақты палуан Жақсылық Үшкемпіров кездесті.
Әйгілі спортшы Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов сияқты көптеген басқа да қазақстандық спортшыларды тәрбиелеп, отандастарымыздың халықаралық деңгейде ұлы жеңістерге жетуіне үлкен үлес қосты. Сондай-ақ, ол — жас ауылдық спортшыларға үнемі көмектесіп отырады.
Бүгінгі акцияда Ж.Үшкемпіров өз қаржысы есебінен 150,0 млн теңге көлемінде Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында спорт кешенін салуды ұсынды.
Отандастармен кездесу барысында, ол шынайы патриот ретінде жерлестеріне көмектесу, өздерінің туған жерінің дамуына қатысу әркімнің міндеті екенін атап көрсетіп, меценаттарды жақсы іс-шараларға қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, облыс орталығында «Менің қалам!» ұранымен акция бастау алды.
Қала тұрғындарымен «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек ері иегері Мұқаш Ескендіров, «Бином» ЖШС атқарушы директоры Қуат Баққараев кездесті.
Олардың барлығы қала үшін күнделікті қажетті және пайдалы игі істер жасау, мұқтаждарға көмектесу, жаңа жұмыс орындарын ашу туралыбірдей ниеттерін білдірді. Тараз қаласын көрікті әрі тартымды ету үшін игі істерді жасауды ұсынды. Олар, сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлерді акцияға қатысып, өздерінің туған қаласы мен оның тұрғындарына деген сүйіспеншіліктерін нақты ісімен дәлелдеуге шақырды.

Алғаш болып акцияға Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры Ерболат Саурықов ат салысты. Жергілікті жоғары оқу орнының басшысы оқу шәкіртақыға 5 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, «Тараз» футбол клубының екінші құрамындағы 8 ойыншысына 8 миллион теңгеге шәкіртақы тағайындауда.
«Қазфосфат» ЖШС бас директоры М.Ескендіров қала тұрғындары үшін үлкен спорт кешенін салуды қолға алғандығын жеткізді.
«Бином» ЖШС атқарушы директоры Қ.Баққараев мұқтаж отбасына 2 бөлмелі пәтер сыйға тартатын болды.
Ал Тараз қалалық мәслихат депутаттары 40 млн теңгеге спорт алаңшаларын салуды ұсынды.
Меркі ауданындағыакцияға мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов арнайы келді. Мұрат Мұхтарұлы ауыл тұрғындарына өз кітабының тұсаукесерін өткізіп,аудандық мұражайдан туындыларыныңбұрышын ашты.
Жамбыл ауданындаакция аясында 150 жергілікті кәсіпкерлер кездесті. Олардың біреуі жаңа заманауи спорт кешенін салса, біреуі – өрттен кейін көршісінің үйін қайта тұрғызуға көмектесті. Сонымен қатар, олардың барлығы балабақшаларға, мектептерге, мұқтаж және көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты қарияларға үнемі көмектесуде. Алдағы уақытта кәсіпкерлер осы істерін жалғастыратынын айтты.
Т.Рысқұлов, Қордай аудандарында жаңа балабақшаларды салу жоспарланды.
Шу ауданында кәсіпкерлер тарапынан құрылыс заттарын шығаратын «Битум», комбайн жинау зауыттарының және спорт кешенінің құрылысына ірі көлемде көмек көрсетілетін болады.
Бұл акция барлық жерде өтуде, оған барлық жамбылдықтар ат салыса алады.
Жалпы, акция барысында 2,0 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ, олар өңірдің жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысына және елді мекендерді абаттандыруға жұмсалады.

Тегтер: Жамбыл облысырухани жаңғыруТараз қаласы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский