Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №2 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша «Ауыл» партиясынан ұсынылған кандидат Сейтбек Кокумбаев ауыл шаруашылығын дамыту, жергілікті өндірушілерді қолдау және инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін сайлауалды бағдарламасына енгізді.
Ауыл шаруашылығын дамыту
Кокумбаев ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кооперациясын кеңейту, өнімді өңдеу мен өткізу мүмкіндіктерін жақсарту бағытындағы жобаларды қолдауды көздейді. Ол мемлекеттік қолдау шараларының өндірісті дамытып, жұмыс орындарын қалыптастыратын шаруашылықтарға бағытталуы жөнінде ұсыныс бермек.
Жол, су және қоғамдық бақылау
Бағдарламада жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасын қоғамдық бақылау, су ресурстарын үнемдеу және әлеуметтік нысандарға қаржы бөлу мәселелері қамтылған.
Кандидат инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына тұрғындардың қатысуын қолдайды. Коммуналдық тарифтер туралы ақпараттың ашықтығы мен ауылдық медициналық ұйымдардың жабдықталуына қатысты мәселелерге де назар аудармақ.
Сейтбек Кенесович Кокумбаев 1982 жылы Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. Құқықтану мамандығын меңгерген. 2003–2018 жылдары «Нұрсұлтан» шаруа қожалығын басқарған. 2018 жылдан бері «Хамза» шаруа қожалығының басшысы. VIII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты болған.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: С.К. Кокумбаев.
№2 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.






