«Ауыл» партиясынан Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №8 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша ұсынылған кандидат Айнагүл Абдраимова ауыл шаруашылығы, кәсіби білім беру және жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты ұсыныстарын жариялады.
Кандидат колледждер мен жергілікті жұмыс берушілер арасындағы дуальды оқыту жүйесін дамытуға жәрдемдесуді көздейді. Ауыл квотасы арқылы білім алған түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету де оның бағдарламасына енгізілген.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік
Абдраимова жергілікті өндірушілердің кооперациясын дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жобаларды қолдауға және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шаруашылықтарға мемлекеттік қолдау көрсету мәселесін көтеруге ниетті.
Әлеуметтік қолдау
Кандидат мүгедектігі бар азаматтардың еңбекке орналасуы мен әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және егде жастағы тұрғындарға цифрлық қызметтерді пайдалануды үйрету бастамаларын да қолдайды.
Айнагүл Абдраимова 1979 жылы Каменка ауылында дүниеге келген. Экономика және бухгалтерлік есеп бағытында білім алған. 2010 жылдан бері дуальды оқыту бағдарламасына тәлімгер ретінде қатысып келеді. 2022 жылы «АлРай» шаруа қожалығын құрған.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.Б. Абдраимова.
№8 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.






