Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Сұлукүл Дәлібаева ауыл тұрғындарының табысын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін сайлауалды бағдарламасына енгізді.
Кандидат отбасылық кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы кооперациясын қолдауды, жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынады.
Ауыл экономикасы және әйелдер кәсіпкерлігі
«Аққайнар» шаруа қожалығының басшысы әрі ветеринария маманы Дәлібаева жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған бастамаларға назар аудармақ. Сонымен қатар ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мәселесін көтеруді көздейді.
Аудандық Іскер әйелдер қауымдастығын басқаратын кандидат әйелдердің экономикалық және қоғамдық белсенділігіне, жастардың кәсіп бастауына қолдау көрсетуге басымдық берген.
Әлеуметтік инфрақұрылым
Бағдарламада аудандық аурухананың жабдықталуын жақсарту, бейінді медицина мамандарын тарту және шалғай ауылдарда медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру да қамтылған.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: С.С. Дәлібаева.
№14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.






