Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қуаныш Заурбеков жастардың білім алуына, жұмыспен қамтылуына және кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруына жағдай жасау бағытындағы ұсыныстарын сайлауалды бағдарламасына енгізді.
Жастарға арналған мүмкіндіктер
Кандидат балалардың сапалы білім алуына, жастардың жан-жақты дамуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолдауды көздейді.
Бағдарламада жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және спортпен шұғылдану мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері қамтылған.
Әлеуметтік қолдау
Заурбеков көпбалалы отбасылардың, қарттардың, мүгедектігі бар азаматтардың және әлеуметтік осал топтардың мәселелерін назарда ұстауға ниетті.
Сайланған жағдайда кандидат тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштерін тиісті мемлекеттік мекемелерге жеткізуді жоспарлап отыр.
Құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім алған Қуаныш Заурбеков қауіпсіздік техникасы саласында еңбек еткен. Қазіргі уақытта «Ақыртөбе орман шаруашылығы» мекемесінде өрт сөндіруші болып жұмыс істейді.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Қ.Ә. Заурбеков.
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.






