Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Наурыз Төребеков сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасауға басымдық берді.
Бокс жаттықтырушысы ретінде Төребеков ауылдық елді мекендердегі спорт инфрақұрылымын дамытуға, спорт алаңдары мен жаттығу орындарын көбейтуге ықпал етуді көздейді.
Жас спортшыларға қолдау
Кандидат спорт секцияларының қолжетімділігін арттыру, талантты жастарды қолдау және балалардың тұрақты түрде спортпен айналысуына жағдай жасау мәселелерін сайлауалды бағдарламасына енгізген.
Сонымен қатар тұрғындар арасында спорттық жарыстар, турнирлер және сауықтыру іс-шараларын тұрақты ұйымдастыруға бастамашылық етуді жоспарлап отыр.
Төребеков спорт арқылы жастардың тәртібін, жауапкершілігін және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды қолдауды көздейді.
Өмірбаяны
Наурыз Мұратұлы Төребеков 1996 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының Көкдөнен ауылдық округіне қарасты Жақсылық ауылында дүниеге келген.
2022 жылы Тараз педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2024 жылдан бастап №24 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокс жаттықтырушысы болып еңбек етіп келеді.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Н.М. Төребеков.
Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.






