Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Тельжан Абдыкалыков балалар спортына арналған тегін алаңдар салу мәселесін көтеруді жоспарлап отыр. Сайлауалды бағдарламада ашық ауада дене жаттығуларын жасауға арналған Street Workout алаңдарын салуға ықпал ету де қарастырылған.
Бағдарламаның тағы бір бағыты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығаруға қатысты. Абдыкалыков қоқыстың тұрақты әрі уақтылы шығарылуын және қызмет сапасын жақсарту мәселесін көтеруді көздейді. Ол қалдық жинауға арналған қосымша алаңдар ұйымдастыруды да ұсынады.
Кандидат ауылдағы балабақшаларды, мәдениет ошақтары мен кітапханаларды жөндеуге ықпал етуді жоспарлап отыр. Бұл ұсыныстар бағдарламаның әлеуметтік және жалдамалы тұрғын үйге қатысты бағытын толықтырады. Тұрғын үй бойынша ол аз қамтылған азаматтар мен көпбалалы жас отбасылардың, соның ішінде кезекте тұрған тұрғындардың мәселесіне назар аудармақ.
Құлан ауылында дүниеге келген Абдыкалыков жалпы практика дәрігері ретінде ауылдық амбулаторияда және аудандық орталық ауруханада еңбек еткен. Қазір аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі орынбасары.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Т.Т. Абдыкалыков.
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







