Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат Тельжан Абдыкалыков сайлауалды бағдарламасына әлеуметтік және жалдамалы тұрғын үй мәселесін енгізді. Ол аз қамтылған азаматтарға, көпбалалы жас отбасыларға және тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарға арналған бағдарламаны іске асыруға ықпал етуді көздейді.
Кандидат ауылдардағы балабақшаларды, мәдениет ошақтары мен кітапханаларды жөндеу мәселесін де көтермек. Бағдарламада осы нысандарда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу ұсынылған.
Өмірбаяны
Тельжан Телеубайулы Абдыкалыков 1991 жылғы 4 қазанда Құлан ауылында дүниеге келген. 1998–2003 жылдары Ш. Уәлиханов атындағы мектепте, 2003–2009 жылдары Құлан орта мектебінде оқыған. 2014 жылы Алматыдағы С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Жалпы медицина» бағыты бойынша бакалавриатын аяқтады. 2016 жылы осы университетте жалпы практика дәрігері мамандығы бойынша интернатураны тәмамдады.
2016–2017 жылдары Қайыңды дәрігерлік амбулаториясында, 2017–2023 жылдары аудандық орталық ауруханада жалпы практика дәрігері болып жұмыс істеді. 2023 жылдан 2026 жылғы наурызға дейін алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметін басқарды. 2026 жылғы наурыздан бері Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. Отбасылы, екі ұлы бар.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Т.Т. Абдыкалыков.
№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







