Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тампиев Нұрсұлтан Бақытұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Теміржол саласында еңбек етіп жүрген кандидат ауыл инфрақұрылымын жақсарту, коммуналдық мәселелерді шешу, әлеуметтік нысандарды дамыту және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру бағыттарына басымдық беріп отыр, деп хабарлайды TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі.
Теміржол саласындағы еңбек жолы
Тампиев Нұрсұлтан Бақытұлы 1991 жылы Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Луговой ауылында дүниеге келген.
2011 жылы Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжін «Жол шаруашылығы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2013 жылдан бастап теміржол көлігі саласында еңбек етіп келеді.
2015 жылдан бері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында вагондарды жөндеу жөніндегі аға слесарь қызметін атқарып келеді.
Өндіріс саласында жинақтаған тәжірибесін қоғамдық мәселелерді шешуге бағыттауды көздейтін кандидат сайлауалды бағдарламасында халық алдындағы жауапкершілікке ерекше мән берген.
Ауыл инфрақұрылымы – басты назарда
Нұрсұлтан Тампиевтің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына әсер ететін коммуналдық мәселелер.
Кандидат ауызсумен қамтамасыз ету, электр энергиясы және өзге де коммуналдық мәселелердің шешілуіне ықпал етуді жоспарлап отыр.
Оның пікірінше, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі маңызды.
Әлеуметтік нысандарды дамыту
Бағдарламада ауылдағы әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту мәселесі де қамтылған.
Кандидат әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ұсыныстар енгізіп, олардың тиісті деңгейде қарастырылуына атсалысуды көздейді.
Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдау
Нұрсұлтан Тампиев шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруды маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырады.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларды қолдауға ниетті.
Халықпен ашық байланыс
Кандидат сайлауалды бағдарламасында халық пен билік арасындағы байланысты нығайту мәселесіне ерекше тоқталған.
«Мен үшін депутаттық мандат – мәртебе емес, халық алдындағы аманат. Әрбір тұрғынның пікірі маңызды», – дейді Нұрсұлтан Тампиев.
Ол депутат болып сайланған жағдайда заң аясындағы өкілеттіктерін пайдаланып, тұрғындардың талап-тілектерін тиісті деңгейде көтеруге және олардың шешілуіне ықпал етуге күш салатынын жеткізді.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы ауыл инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және халықпен тұрақты байланыс орнату бағыттарын қамтиды.
Дайындаған: ID Corp ЖШС.
Қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттен.
Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы.






