2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
- Қаракемер, Керу, Қарасай және Еңбек, ауылдарында егіншілік пен мал шаруашылығын дамытуға басымдық беріп, шаруа қожалықтарының мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қолжетімділігін кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай қалыптастыруға күш салу.
- Шағын және орта шаруашылықтардың дамуына жағдай жасау, ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашуына және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жұмыс орындарының құрылуына бағытталған бастамаларды қолдау.
2. БІЛІМ БЕРУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ
- Еңбек ауылындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мектепте жаңа асхана құрылысын жүзеге асыруға күш салып, оқушылардың сапалы тамақтануына қолайлы жағдай қалыптастыру.
- Округтегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге және мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға ықпал ету.
3. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
- Қарасай ауылы аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердің бірі болғандықтан, өрт оқиғалары кезінде арнайы қызметтердің дер кезінде жетуі қиындық туғызады. Бұл жағдай тұрғындардың өмірі мен мүлкіне қауіп төндіріп, өрттің ауқымды шығынға әкелу ықтималдығын арттырады. Осы мәселені шешу мақсатында Қарасай ауылында жаңа өрт сөндіру пунктінің құрылысын жүзеге асыруға, қажетті қаржыландыруды қамтамасыз етуге және нысанды пайдалануға беруге күш салу.
4. АУЫЛ КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ
- Қаракемер ауылдарындағы жарықтандыруды қажет ететін көшелерді анықтап, энергия үнемдейтін жарық шамдарын кезең-кезеңімен орнату мәселесін шешуге күш салу.
- Қарасай және Еңбек ауылдарындағы көше жарықтандыру жұмыстарын сонымен қатар ескірген электр бағаналарын орнату жұмыстарын іске асыруға қолдау көрсетіп, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасау.
5. ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ
- Қарасай ауылдық округінде жаңа ветеринариялық пункттің салынуына ықпал етіп, тұрғындарға көрсетілетін ветеринариялық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
- Мал ауруларының алдын алу, профилактикалық және ветеринариялық іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру, сондай-ақ мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға қажетті қызметтердің қолжетімді болуына жағдай жасау.
6. АУЫЛІШІЛІК ЖОЛДАРДЫ ЖАҚСАРТУ
- Аудандық маңызы бар «Қаракемер – Керу» автомобиль жолының құрылысын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауға ықпал етіп, жүргізілетін жұмыстардың сапасын қатаң депутаттық бақылауда ұстау.
- Ауылішілік жолдардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіру және әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.
7. ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Ж.Бакаев.
№1 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







