2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
2027 жылы Қарасу және Өтеген ауылдарындағы жөндеуді қажет ететін жол учаскелерін жөндеуге қол жеткізу. Ауданның елді мекендері арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты қатынауын қамтамасыз етуге және автомобиль жолдарын сапалы күтіп ұстауға жәрдемдесу.
2.СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Сумен жабдықтау мәселелерін шешуге және тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеуге қол жеткізу. Ауылдық елді мекендерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге ерекше көңіл бөлу.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.
5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Қарасу және Өтеген ауылдарының тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, сондай-ақ елді мекендерді білікті медицина кадрларымен қамтамасыз етуге қол жеткізу. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, медициналық мамандарды тартуға жәрдемдесу
7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға, мектептерге баратын жолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға қол жеткізу. Өтеген ауылындағы № 8 орта мектептің орнына 200 орындық жаңа мектеп салуға ерекше көңіл бөлу.
8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
10. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қарасу ауылындағы Бәйтерек және Кескентас көшелерін, сондай-ақ Өтеген ауылының шалғай бөліктерінде орналасқан тұрғын үй кварталдарын абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А. Сатышев
№7 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







