• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
22.11.2026, 02:08
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Станислав Аманбаевтың сайлауалды бағдарлмасы

turan_admin turan_admin
21.11.2026, 18:33
Сайлау-2026
Аманбаев: Нақты іс. Адал еңбек. Елге қызмет!
3
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  1. 1.ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК

2027 жылы елді мекеннің автомобиль жолдарында қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жеткізу, жол жамылғысының қалпына келтіруді және жақсартуды қажет ететін учаскелеріне ерекше назар аудару. Елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға жәрдемдесу.

2. СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру, халықты тұрақты сумен қамтамасыз ету және электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдау. Коммуналдық желілерді жаңартуға және жаңғыртуға, көшелерді жарықтандыру жүйесін дамытуға, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіруге жәрдемдесу арқылы елді мекеннің абаттандырылу деңгейін көтеру және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдай жасауға, жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуына жәрдемдесу. Шағын және отбасылық бизнесті дамытуға, жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысын кеңейтуге және ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға ықпал ету.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғау. Жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін сатуға арналған, тиісті түрде жабдықталған алаң құруға қол жеткізу.

5. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға, жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ықпал ету, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі мен табысын арттыруға қолдау көрсету.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

Сортөбе ауылы тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға және қажетті мамандармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, халыққа медициналық көмектің уақтылы көрсетілуіне, сондай-ақ мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы білікті медицина кадрларын тартуға ықпал ету.

7. ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

   Сортөбе ауылындағы М. Мәметова атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, материалдық-техникалық базасын жақсартуға, оқу кабинеттерін жаңартуға, сондай-ақ балалардың білім алуы мен тәрбиеленуі үшін заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға қол жеткізу.

8. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ

Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.

10. ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Сортөбе және Бұлан батыр ауылдарының аумақтарын абаттандыруға, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы әрі көріктендірілген қоғамдық орындар құруға қол жеткізу.

Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!

Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!

Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!

Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: С. Аманбаев

№6 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: аманбаев станислав
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25
Бакаев: Туған жердің болашағы – ортақ жауапкершілігіміз!

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45
Алмат Сатышев: Болашаққа – сенімді қадаммен

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42
Увалиева Катира: Берекелі ауыл – қуатты өңір!

Катира Увалиеваның сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ауыл» партиясы Жамбыл облысын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын ұсынды

21.11.2026, 22:25

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35

Жұлдызбек Бақаевтың сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:45

Алмат Сатышевтің сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:42

Катира Увалиеваның сайлауалды бағдарламасы

21.11.2026, 18:36

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.