2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
2027 жылы Алға ауылындағы Алдабергенов көшесін және ауданның басқа да жөндеуді қажет ететін жолдарын жөндеуге қол жеткізу. Мүзбел, Қогадір, қоғамдық көліктің тұрақты жүруіне және жолдардың сапалы күтіп ұсталуына ықпал ету.
СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Ауылдық округтің барлық елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге, инженерлік желілерді жаңғыртуға, электр энергиясының тұрақты берілуіне және көшелерді жарықтандыруды жақсартуға ықпал ету.
ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Ауыл шаруашылығна арналған бағдарламаларды тиімді пайдалану.
Шағын және орта бизнесті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін мемлекеттен қарастырылған жеңілдіктердің іске асыуна ат салысу. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және ауылға инвестиция тартуға ықпал ету. Тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіби даярлау және жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы бастамаларға жәрдемдесу.
ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауылдық округтің барлық ауылдарында медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, дәрігерлердің қолжетімділігін арттыруға және медициналық пункттерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Ауылдық жерлерге медицина мамандарын тартуға қолдау көрсету.
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Орта мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға және білім беру мекемелеріне апаратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. 2027 жылы мектептерге кіреберіс жолдарды ретке келтіруге, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын дамытуға ерекше көңіл бөлу. Сонымен қатар ауыл жастарының спортпен, мәдениетпен және қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және жан-жақты дамуына жағдай жасау. Көршілес орналасқан Алға, Көгадыр және Мұзбел үш ауылдың тұрғындарына ортақ заманауи спорт нысанының құрылысын бастауға ықпал ету. Сондай-ақ Көгадыр ауылында кіші футбол алаңын салу мәселесін көтеріп, ауыл тұрғындары мен жастарының спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдардың, көпбалалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету. Әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсетуге және қоғамдық әрі әлеуметтік нысандарда кедергісіз орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ауданның барлық елді мекендерін, оның ішінде шалғай ауылдарды тұрақты ұялы байланыспен және жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге ықпал ету. Ауылдық мекемелерге цифрлық технологияларды енгізуге және тұрғындар үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу.
ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында округтің барлық елді мекендерін абаттандыруға, қоқыс жинау және шығару жүйесін жақсартуға, аумақтарды көгалдандыруға және тұрғындарға қолайлы қоғамдық орындар құруға ықпал ету. Сонымен қатар Әлжан ана ауылының саябағын абаттандыру, оның аумағын көркейту, жасыл желектер отырғызу және тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруға ықпал ету.
Сіздердің пікірлеріңіз – менің бағдарыма негіз!
Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын!
Әр шешімім – туған жердің игілігі үшін!
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: А.Омар.
№14 бірмандаттық аудандық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.







