Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасымен жеке кәсіпкер Н-нен кәсіпкерлікпен айналасуға рұқсат бергені үшін, 30 мың теңгені пара ретінде алған жерінен Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушысы А.Ташенов ұсталды.
Осы бойынша ҚР ҚК-нің 366 бабының 1 бөлігімен тергеп тексеру ісі жүргізіліп, 01.08.2017 жылы Сарысу аудандық сотының үкіміне сәйкес А.Ташенов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 1,5 млн.теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Қайнар: Сарысу аудандық прокуратурасы