• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
21.11.2026, 02:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Нақты міндет, жүйелі жұмыс, нәтижелі өзгеріс: «Әділет» кандидаттары энергетиктермен кездесті

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
20.11.2026, 18:39
Сайлау-2026
Нақты міндет, жүйелі жұмыс, нәтижелі өзгеріс: «Әділет» кандидаттары энергетиктермен кездесті
8
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

«Әділет» партиясы – Мемлекет басшысы айқындаған бағытты қолдайтын және оны нақты істер арқылы жүзеге асыруды көздейтін саяси күш. Партияның Жамбыл облысына арналған 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы міндеттер – құрғақ уәде емес, өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты жоспарлар. Бұл туралы партияның партиялық тізімі бойынша ұсынылған кандидат, облыстық филиал төрағасы Дәурен Айтасұлы Каипов Байзақ аудандық электр желілері мекемесінің еңбек ұжымымен кездесуде мәлімдеді.
Кездесу барысында Дәурен Каипов, Фарида Жүнісова және Серік Әлібеков партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырып, энергетика саласын дамыту, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру бағыттарына тоқталды.
«Әділет» партиясы Президент саясатын қолдайтын басты тіректердің бірі. Біз үшін бұл қолдау нақты іспен, қабылданған шешімдердің орындалуымен өлшенеді. Сондықтан өңірлік сайлауалды бағдарламамызға енгізілген міндеттерді құрғақ сөз немесе орындалуы белгісіз уәде деп қарастыруға болмайды. Әрбір көрсеткіштің артында нақты жұмыс, әрбір жоспардың негізінде тұрғындардың сұранысы тұр. «Әділет» – нақты істердің партиясы. Біздің мақсатымыз – осы міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруға ықпал ету», – деді Дәурен Каипов.
Кездесуде өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі мен коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйіне ерекше назар аударылды. Бүгінде Жамбыл облысындағы электрмен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 75,9 пайызды құрайды. Осыған байланысты желілерді жаңғырту мен инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыру өзекті міндеттердің бірі болып отыр.
Партияның өңірлік бағдарламасына сәйкес, 2031 жылға дейін облыста 70,5 шақырым жылу желісін, 1,2 мың шақырым су құбырын және 456,5 шақырым автожолды жаңарту көзделген. Сонымен қатар 79,7 мың тұрғыны бар 30 елді мекенді газбен қамту жоспарланған.
Кандидат Фарида Жүнісова да өз сөзінде инфрақұрылымды жаңғырту, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру мәселелеріне тоқталып, бұл бағыттардағы жүйелі жұмыстың маңызын атап өтті.
Бағдарламада тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған міндеттер де қамтылған. Алдағы бес жылда облыста 4,6 миллион шаршы метр тұрғын үй салу, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға бюджет қаражаты есебінен 8 833 пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл тұрғын үй кезегін 13 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласында 6 жаңа нысан салу, 17 ғимаратты жөндеу және ауылдық жерлердегі 1 миллионнан астам тұрғынды жылжымалы медициналық кешендердің қызметімен қамту көзделген.
Өз кезегінде кандидат Серік Әлібеков жұмыспен қамту және техникалық кадрлар даярлау мәселелеріне тоқталды. Бағдарлама аясында 2031 жылға дейін 116 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 20 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу, сондай-ақ 63 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған. Өндіріс пен энергетика саласына қажетті мамандарды даярлау үшін техникалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысын 51,3 пайызға, дуалды оқыту үлесін 50,6 пайызға дейін арттыру міндеті қойылған.
Кездесу соңында электр желілері мекемесінің қызметкерлері саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, желілерді жаңарту, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қолдау тетіктеріне қатысты ұсыныстарын білдірді. Кандидаттар айтылған пікірлерді назарға алып, сайлауалды бағдарламада белгіленген міндеттердің орындалуы қоғамдық тыңдаулар мен партиялық бақылау арқылы қадағаланатынын атап өтті.
29 қарашада өтетін Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында өз таңдауыңызды жасап, «Әділет» партиясының кандидаттарын қолдаңыз!

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Нақты іс пен ашық байланыс: Кандидат Бақытжан Шабанбаев ауыл тұрғындарына қандай уәде берді?

Нақты іс пен ашық байланыс: Кандидат Бақытжан Шабанбаев ауыл тұрғындарына қандай уәде берді?

20.11.2026, 02:33
Аудан орталығының жаңа келбеті: Мұхтар Шайдаев Аса ауылының инфрақұрылымын қалай өзгертпек?

Аудан орталығының жаңа келбеті: Мұхтар Шайдаев Аса ауылының инфрақұрылымын қалай өзгертпек?

20.11.2026, 02:24
Педагогикалық тәжірибеден – төрт ауылдың ортақ дамуына қадам

Педагогикалық тәжірибеден – төрт ауылдың ортақ дамуына қадам

20.11.2026, 02:15
Алты ауылдың ортақ түйткілі мен жаңару бағыты

Алты ауылдың ортақ түйткілі мен жаңару бағыты

20.11.2026, 01:49
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы PhD диссертациясын алдын ала қорғады

20.11.2026, 23:24

Нақты міндет, жүйелі жұмыс, нәтижелі өзгеріс: «Әділет» кандидаттары энергетиктермен кездесті

20.11.2026, 18:39

Нақты іс пен ашық байланыс: Кандидат Бақытжан Шабанбаев ауыл тұрғындарына қандай уәде берді?

20.11.2026, 02:33

Аудан орталығының жаңа келбеті: Мұхтар Шайдаев Аса ауылының инфрақұрылымын қалай өзгертпек?

20.11.2026, 02:24

Педагогикалық тәжірибеден – төрт ауылдың ортақ дамуына қадам

20.11.2026, 02:15

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.