• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
26.11.2026, 00:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз!» – Таскын Аташев

№15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі мәслихатының депутаттығына кандидат Аташев Таскын Орынханович

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
07.11.2026, 02:34
Сайлау-2026
«Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз!» – Таскын Аташев
19
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Өмірбаяны

Аташев Таскын Орынханович 1977 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысы Меркі ауданының Ақтоған ауылында дүниеге келген.

1984–1994 жылдары Меркі ауданындағы №4 орта мектепте білім алған.

1994 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына оқуға түсіп, 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп, 2007 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолы

2000–2002 жылдары жеке күзет фирмасында күзетші болып жұмыс істеген.

2002–2003 жылдары №25744 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышын өтеген.

2003–2005 жылдары «Күзет» ЖШС-де күзет бөлімшесінің бастығы қызметін атқарған.

2005–2013 жылдары Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінде қызмет еткен.

2013 жылы «ДОТ» шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істеген.

2017 жылдан бастап «ДОТ» шаруа қожалығын басқарып келеді.

Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Меркі ауданы бойынша фермерлер қауымдастығының төрағасы.

Отбасылы, бір ұл және үш қыз тәрбиелеп отыр.

Сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Аташев Таскын Орынхановичтің сайлауалды бағдарламасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік әділеттілік, білім беру, отбасы құндылықтары және экологиялық қауіпсіздік мәселелері қамтылған.

Бағдарламада «Ауыл» партиясының басымдықтарына сүйене отырып, аудан дамуының жеті негізгі бағыты ұсынылады.

1. Әділетті мемлекет – өркендеген қоғам

«Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, кандидат мынадай міндеттерді алға қояды:

  • Азаматтардың қауіпсіздігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді іс-шараларға қатысу;
  • Өңір тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер ететін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға белсенді атсалысу;
  • Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілету.

2. Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар – тұрақтылық негізі

Отандық өнімнің қолжетімділігін арттыру және жергілікті өндірушілердің мүдделерін қорғау мақсатында:

  • Өнім өндіру, өңдеу және өткізу салаларында тауар өндірушілер кооперациясын дамытуға жәрдемдесу;
  • Мемлекеттік қолдаудың нақты өнім өндіретін және жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлерге бағытталуына ықпал ету;
  • Өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүдделерін қорғау;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларының жүзеге асуына қолдау көрсету.

3. Сенімді инфрақұрылым – өңірлерді дамыту кілті

Аудан инфрақұрылымын дамыту бағытында:

  • Жергілікті жолдардың сапалы салынуына тұрақты бақылау жүргізу;
  • Су ресурстарын тиімді әрі үнемді пайдалану қағидаттарының сақталуына ықпал ету;
  • Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының құрылысына жеткілікті қаржы бөлінуіне атсалысу;
  • Инфрақұрылымдық жобаларға қоғамдық бақылауды күшейту.

4. Әділетті әлеуметтік саясат – өмір сапасының кепілі

Әрбір тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету мақсатында:

  • Қызмет көрсету және өндіріс салаларындағы қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
  • Мүгедектігі бар азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және қолжетімді орта қалыптастыру бастамаларын қолдау;
  • Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету;
  • Коммуналдық тарифтердің ашықтығы мен әділдігін арттыру, тарифтердің өсуіне қоғамдық бақылау жасау;
  • Ардагерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.

5. Білім мен ғылым – болашаққа бастар жол

Білім беру және цифрлық сауаттылық бағытында:

  • Ауылдық квота бойынша білім алған түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал ету;
  • Егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін қолжетімді оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға жәрдемдесу.

6. Дәстүрлі отбасы саясаты – мемлекет іргетасы

Отбасы институтын нығайту және жастарға қолдау көрсету мақсатында:

  • Отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және адал еңбекті құрметтеу мәдениетін қалыптастыру;
  • Отбасындағы зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қолдау, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін заңда көзделген жауапкершіліктің қолданылуын қадағалау;
  • Отбасылық еңбек әулеттерінің беделін арттыру;
  • Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қолдау көрсету;
  • Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына тең мүмкіндіктер жасалуына ықпал ету.

7. Экология – тұрақты даму кепілі

Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында:

  • Саябақтар мен гүлзарлар құруға қолдау көрсету;
  • Елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру;
  • Жасыл аймақтарды құрылыстан қорғау;
  • Қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды қолдау.

Ауыл шаруашылығы және қоғамдық қызмет

Таскын Аташевтің еңбек тәжірибесі құқық қорғау қызметін, өндірістік жұмыстарды және ауыл шаруашылығын қамтиды.

2017 жылдан бері шаруа қожалығын басқарып, Меркі ауданындағы фермерлер қауымдастығына төрағалық етеді.

Оның сайлауалды бағдарламасында жергілікті өндірушілерді қолдау, ауыл инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік қолжетімділік пен қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері маңызды орын алады.

«ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ – ГҮЛДЕНЕДІ ЕЛІМІЗ!»


Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.

Тапсырыс беруші: Т.О. Аташев.

№___ бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша __________ мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді.

Тегтер: Т.О. Аташев.
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

25.11.2026, 19:05
Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27
Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00
«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

24.11.2026, 17:47
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жамбыл Су» ұжымымен су шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады

25.11.2026, 19:05

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.