Қазақстан құрамасының балуаны Юсуф Ашрапов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Грек-рим күресінен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалдық белдесуде Армения өкілі Гаспар Тертерянды жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы аталған чемпионатта екінші алтын медалін иеленді.
Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Айбек Айтбеков те әлем чемпионы атанған болатын. Ол финалда Әзербайжан балуаны Эльмир Алиевтен басым түсті.
Қазақстан құрамасын жеңістерімен құттықтаймыз! 🇰🇿🥇







