Мұрат Батыржанұлы 1995 жылғы 17 сәуірде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген.
2016 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2019 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Т.Рыскұлов ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша бастаған.
2018 — 2019 жылдары «Тараз химиялық паркі» АЭА БҚ» АҚ мемлекеттік органдармен жұмыс департаментінің бас менеджері.
2019 -2020 жылдары «Тараз химиялық паркі» АЭА АҚ БҚ» сатып алу департаментінің бас менеджері.
2020-2021 жылдары «Тараз химиялық паркі» АЭА АҚ БҚ» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері.
2021- 2023 жылдары «Тараз химиялық паркі» АЭА АҚ БҚ» құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару қызметінің аға менеджері.
2023–2024 жылдары Т. Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің статист маманы, бас маман және бас инспекторы.
2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.







