Ақтөбе қаласында «QazaqGaz Aimaq» АҚ ұйымдастырған республикалық «Үздік маман–2026» кәсіби шеберлік байқауы қорытындыланды.
Компания тарихында екінші рет ұйымдастырылған кәсіби додаға еліміздің өңірлерінде өткен іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – 56 үздік маман қатысты. Олар бес мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық шеберлігін сынға салды.
Байқау қорытындысында апатты қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарь аталымында Батыс Қазақстан өндірістік филиалының өкілі Биржан Бикеев бірінші орын иеленді. Екінші орын Қостанай өндірістік филиалының маманы Андрей Корниловқа, ал үшінші орын Жамбыл өндірістік филиалының өкілі Нұрсұлтан Мыржықбайға бұйырды.
Нұрсұлтан Тоқтамысұлы 2013 жылы Талас газ шаруашылығында қызметінде бастап, қазіргі таңда Жамбыл облыстық апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарь қызметін атқаруда.
Жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь аталымында Ақтөбе өндірістік филиалынан Денис Харитонов жеңімпаз атанды. Роман Клепков екінші, Маъмуржан Арипов үшінші орын алды.
Электргазбен дәнекерлеушілер арасында Ақтөбе өндірістік филиалының маманы Шакир Абельдиев үздік нәтиже көрсетті. Екінші орынды Ғалымжан Кенжебек, үшінші орынды Руслан Мамбетов иеленді.
Жерасты құбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі монтерлер бәсекесінде Астана өндірістік филиалының өкілі Максат Ниязов бірінші орынға шықты. Ермек Сейтханов екінші, Марат Базарбай үшінші орын алды.
Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь аталымында Астана өндірістік филиалының маманы Мизам Рахимбердиев жеңімпаз атанды. Екінші орын Назир Башеновке, үшінші орын Ануар Кәріғұлға берілді.
Жалпыкомандалық есеп
Байқаудың жалпыкомандалық қорытындысы бойынша Ақтөбе өндірістік филиалы – I орын, Қостанай өндірістік филиалы – II орын, Астана өндірістік филиалы – III орын иеленді.
Республикалық байқау сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және өндірістік мамандықтардың беделін көтеруге бағытталған.











