Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жамбыл облысы Департаментімен Меркі ауылдық округі әкімі Қосуақовқа қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды.
Мерке ауылдық округінің әкімі жеке қосалқы шаруашылық үшін жер бөлінген пайдалану құқығына бұрын берілген шешімдерді ұзартуға 150 мың теңге көлемінде пара талап еткен.
Тергеу әрекеттері нәтижесінде Қосуақов 150 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.
2017 жылдың 1 маусымында Меркі аудындық сотының үкімімен Е. Косуаков, ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оның меншігіндегі, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеп, Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметпен өмір бойына айналысу құқығынан айыра отырып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.