• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
10.09.2026, 11:17
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаттарының директорлары қызметіне жаңа басшылар тағайындалды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
09.09.2026, 20:32
Облыс жаңалықтары
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды
10
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының директоры лауазымына Утебаев Нұрғазы Ғазизұлы тағайындалды.

Нұрғазы Ғазизұлы 1999–2003 жылдары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Ағылшын және француз тілдерінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. 2020 жылы «Болашақ» академиясы жеке меншік мекемесінің «Педагогика және психология» факультетін тәмамдап, педагогика ғылымдарының магистрі атанды.

Еңбек жолын 2003 жылы Көкшетау қаласындағы Қазақ-түрік лицейінде ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған. Кейін Алматы, Талдықорған, Жезқазған қалаларындағы білім беру ұйымдарында түрлі қызметтер атқарды.

2007–2008 жылдары Жезқазған қаласындағы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Сыртқы байланыстар департаменті мен Халықаралық ынтымақтастық департаменті басқармасында сарапшы болып қызмет атқарды.

2011–2014 жылдары Өскемен қаласындағы «Достық» білім беру орталығын басқарды. 2014–2017 жылдары Жезқазған қаласындағы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының директоры болды.

2017–2025 жылдары Қарағанды қаласындағы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды. 2025 жылғы тамыздан бастап Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры болды.

⸻

Ал Айша бибі атындағы мамандандырылған дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры лауазымына Әбіләзім Абылай Сейдәзімұлы тағайындалды.

Абылай Сейдәзімұлы 1993 жылғы 6 қарашада Түркістан қаласында дүниеге келген.

2006–2011 жылдары Кентау қаласындағы дарынды балаларға арналған «Қазақ-түрік» ер балалар лицейінде білім алған. 2011–2015 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алды. 2015–2017 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленді.

Еңбек жолын 2015 жылы Атырау облысындағы ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және жатақхана меңгерушісі болып бастады.

2017–2020 жылдары Атырау облысындағы қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2020–2022 жылдары Батыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және директордың шет тілдер жөніндегі орынбасары болды.

2022–2024 жылдары Ұлытау облысындағы №3 «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры қызметін атқарды. 2024–2026 жылдары Астана қаласындағы «Білім-инновация» ХҚҚ-ның солтүстік аймақ лицейлерінің оқу координаторы болды.

Тегтер: директорЖамбыл облысыТағайындау
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31
Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хиджабқа рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін – министр

10.09.2026, 09:00

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32

Арыста мас күйде жүкті әйел мен 2 баласын қағып өлтірген мұғалімге қатысты үкім шықты

09.09.2026, 18:00

«Ясауи кесенесінің күмбезін шұғыл қорғау қажет: Реставрацияға қанша қаржы бөлінді?

09.09.2026, 15:59

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.