• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 22:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысында 8 туристік глэмпинг іске қосылады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте өңірде «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
01.09.2026, 11:18
Облыс жаңалықтары
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысында 8 туристік глэмпинг іске қосылады
19
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың мәліметінше, бағдарлама жүзеге асырылған 2019-2025 жылдары облыстағы 153 ауылдық округте экономикалық тұрғыдан тиімді бағыттар айқындалып, тиісті скрининг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 8 909 кәсіпкерлік субъектісі 48,4 млрд теңгеге қаржыландырылған. Осы қаражат есебінен 262,2 мың мал басы мен 533 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, 57 кооперативке 3,5 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі де айқын байқалады. Атап айтқанда, тұрақты түрде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар саны 69,5 мыңнан 16,6 мың адамға дейін төмендеп, 4,2 есеге қысқарған. Осы кезеңде бюджет түсімдері 400 млн теңгеден 1,6 млрд теңгеге дейін өссе, азаматтардың орташа табысы 78 мың теңгеден 135 мың теңгеге артқан. Ал кәсіпкерлер саны 3,5 есеге ұлғайған.

2025-2026 жылдарға «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында облысқа 5 млрд теңге бөлінген. Бүгінде оның 3,6 млрд теңгесі немесе 72,7 пайызы игерілді. Аудандарда 90 млн теңге көлеміндегі қаражат тіркеу кезеңінде болса, мақұлданған жобалардың жалпы құны 694,2 млн теңгені құрайды.

Қазіргі таңда игерілген қаражат есебінен 405 кәсіпкер өз кәсібін бастауға мүмкіндік алған. Оның ішінде 177 шаруашылыққа 10 160 мал басын сатып алу жоспарланған.

Қалған 1,4 млрд теңгені қыркүйек айының соңына дейін игеру көзделіп отыр. Бұл қаражатқа ұсынылатын әлеуетті жобалардың құжаттары 80-90 пайызға дайын. Қазіргі уақытта негізінен жобаларды кепілмен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде.

Бағдарлама аясында бөлінген қаражат толық игерілген жағдайда облыста 657 жоба іске қосылады. Оның ішінде 177 мал шаруашылығы, 20 құс шаруашылығы, 90 қайта өңдеу кәсіпорнына қажетті жабдықтар, 50 ауыл шаруашылығы техникасы, 70 шағын жылыжай, 52 кооператив және 8 туристік глэмпинг іске қосылады. Сонымен қатар 190 шағын цех жұмысын бастап, 509 жаңа жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі «Ауыл аманаты» бағдарламасын тек мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жоба ретінде қарастыруға болмайтынына назар аударды. Оның айтуынша, бағдарлама аясында ауыл тұрғындарына өнімді қайта өңдеу, жылыжай, құс шаруашылығы, шағын өндіріс және туризм секілді бағыттарда кәсіп бастауға кең мүмкіндік берілген.

– «Ауыл аманаты» – ауыл халқының табысын арттырып, елді мекендердің экономикалық әлеуетін күшейтуге бағытталған жаңа модель. Сондықтан бағдарлама аясында бөлінген қаражат қағаз жүзінде қалмай, нақты іске, жаңа жұмыс орындарына және отандық өнім өндіруге бағытталуы тиіс.

Бағдарлама мүмкіндіктерін туризм саласында да тиімді пайдалану қажет. Атап айтқанда, туристерге арналған глэмпингтерді қаржыландыруға мүмкіндік бар. Туризм және инвестиция басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесіп, туристік нысандарға жақын аумақтардан глэмпинг орналастыруға қолайлы орындарды анықтап, нақты жобаларды ұсынуы керек. Басты міндет – жоба санын көбейту емес, нақты жұмыс істейтін, турист тартатын және жергілікті халыққа табыс әкелетін нысандарды іске қосу, – деді Ербол Қарашөкеев.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімдеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасының талаптарын қатаң сақтай отырып, қаржыландырылатын жобалардың сапасына басымдық беру, қаражатты уақытылы игеру және ауыл шаруашылығымен қатар өңдеу, өндіріс, туризм және басқа да әлеуетті бағыттарды дамыту бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Тегтер: turaninfoturaninfo.kzЖамбыл облысы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

«Әділет» кандидаттары теміржолшыларға өңірлік даму жоспарларын таныстырып, партияға дауыс беруге шақырды

24.11.2026, 17:47

Ауызсу, газ, жол және ауыл тазалығы Амалбек Бейбіттің сайлауалды бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:58

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.