• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:21
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандағы Құрылтай сайлауы кәсіби деңгейде өтіп жатыр – Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні.

Turan Redaktor Turan Redaktor
23.08.2026, 12:54
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандағы Құрылтай сайлауы кәсіби деңгейде өтіп жатыр – Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы
7
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс беру барысы сайлау учаскелерін аралап, сайлау процесінің ұйымдастырылуымен танысып жүрген халықаралық байқаушылардың қатаң бақылауымен өтіп жатыр. Олардың қатарында Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Сердар Мутта да бар. Ол Қазақ ұлттық өнер университетінде орналасқан сайлау учаскесіне барып, дауыс берудің ұйымдастырылуына қатысты өз пікірін білдірді.

Сердар Муттаның айтуынша, Түркия делегациясы Қазақстанда екі күннен бері жүр. Бір күн бұрын халықаралық байқаушылар Орталық сайлау комиссиясының төрағасы және мүшелерімен кездескен. Кездесу барысында оларға елдің сайлау жүйесінің ерекшеліктері мен дауыс беру тәртібі түсіндірілген.

«Азаматтарды ақпараттандыруда ешқандай кемшілік жоқ екенін көрдік. Орталық сайлау комиссиясы бұл жұмысты кәсіби деңгейде жүргізіп жатыр», – деді Сердар Мутта.
Халықаралық байқаушы азаматтардың қай сайлау учаскесінде дауыс бере алатынын алдын ала білуі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Қажетті ақпарат электрондық сервистер, БАҚ және Орталық сайлау комиссиясының түсіндіру жұмыстары арқылы қолжетімді.
Сердар Мутта сайлау учаскесіне барған кезде комиссияның жұмысымен, бюллетеньдерді беру тәртібімен және азаматтарға жасалған жағдаймен танысты.

«Біз дауыс беру барысын тікелей бақыладық. Сайлаушылар жеке куәлігін көрсетіп, бюллетень алады, жабық кабинаға кіріп, таңдауын жасағаннан кейін толтырылған бюллетеньді жәшікке салады», – деді ол.

Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы мүгедектігі бар азаматтарға да барлық мүмкіндік жасалғанына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, сайлау учаскесінде көру және есту қабілеті бұзылған сайлаушыларға арналған жеке кабина мен арнайы жүйе қарастырылған.
Сердар Муттаның пікірінше, қолжетімді ортаның қалыптасуы азаматтардың сайлауға қатысуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жойып, олардың демократиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

«Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалғанын көрдік. Бұл Орталық сайлау комиссиясының Қазақстанның әрбір азаматына айрықша мән беретінін көрсетеді», – деді ол.
Елдің саяси жүйесіндегі өзгерістерге тоқталған Сердар Мутта Орталық сайлау комиссиясының өкілдері байқаушыларға конституциялық өзгерістер мен қазіргі сайлау науқанының ерекшеліктері туралы ақпарат бергенін жеткізді.

Ол демократиялық институттарды дамыту үнемі жетілдіруді қажет ететін сабақтастыққа негізделген процесс екенін де атап өтті.
«Демократияның дамып, күн сайын жаңа тетіктермен толығып, жоғары деңгейге көтеріліп келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта да жалғасын табады деп үміттенеміз», – деді Сердар Мутта.
Халықаралық байқаушының айтуынша, Қазақстандағы сайлау қалыпты жағдайда әрі мерекелік көңіл күйде өтіп жатыр. Ол азаматтардың дауыс беруге қатысуын елдің демократиялық дамуының маңызды бөлігі деп атады.

Сөз соңында Сердар Мутта Қазақстан халқына ізгі тілегін білдіріп, екі ел арасындағы тарихи және мәдени байланыстың тереңдігіне айрықша мән берді.
«Біз Қазақстан халқын дос әрі бауырлас халық деп қабылдаймыз. Қазақстан демократиялық даму жолында күн сайын тағы бір қадам алға баса берсін деп тілеймін», – деді ол.
Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп атап, Қожа Ахмет Ясауи мұрасының Қазақстан мен Түркия халықтары үшін айрықша маңызға ие екенін айтты.

Сердар Муттаның сапары Қазақстанда өтіп жатқан сайлауды халықаралық байқау аясында жүзеге асты. Дауыс беру қорытындысы бойынша халықаралық байқаушылар сайлау процесінің ұйымдастырылуына қатысты өз бағалары мен қорытындыларын ұсынады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.