• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Мазмұны терең мағыналы акция өтті

12.06.2017
0
Мазмұны терең мағыналы акция өтті
431
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қаламыздың Бауыржан Момышұлы атындағы “Жеңіс” саябағында “Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шараларды жүргізу” əлеуметтік маңызды жобасы аясында “Таза Табиғат! Жасыл əлем!” атты акциясы өтті. Жамбыл облысы əкімдігі табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының тапсырмасымен “Жамбыл облысы жастар ұйымының Қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған мазмұнды шараға қала тұрғындары мен жас жеткіншектер қатысты. Шараға арнайы шақырылған Жамбыл облыстық “Жас Отан” жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек: “Тараздың тазалығы көңіл қуантады. Күнделікті өмірде өзіміз байқамасақ та, сырттан келген қонақтар қала тазалығына мəн беріп, баға беріп жатқанда іштей қуанып қаламыз.




Алайда қаланың мөлтек аудандарында қоқыс жəшіктеріне қатысты біраз мəселе бар. Тұрғындар қоқысты қараңғыда қоқыс жəшігіне тастамай, жолға тастап кетіп жатады. Бұл көңіл қынжылтады. Тазалықты ең бірінші өзімізден бастауымыз керек. Балаларымызды соған дағдыландыруымыз керек” – дей отыра осындай акциялардың халыққа берер мол пайдасын атап өтті. Жамбыл облыстық жасыл жасақтары штабының белсендісі Мансұр Шамуратов: “2005 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлының бастамасымен “Жасыл ел” еңбек жасақтары құрылды. Осы бағдарламаның арқасында еліміздің көптеген аймақтары өзінің табиғи сұлулығын сақтап келеді. Құрметті Тараз қаласының жастары мен тұрғындары, сіздерді дəл қазіргі сəттен бастап қаламыздың тазалығын сақтауға шақырамын!” – деді өз сөзінде. Əрі қарай қаланың жас ақыны Қаныбек Мұратбаев табиғат тақырыбына арнаған мағыналы өлеңін оқып, тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді. Шараға арнайы келіп қонақ болған белгілі жас əнші Əділет Асанов əуезді əн салып зор ықыласқа ие болды. Өткізілген акция аясында мектеп оқушылары арасында “Таза болса табиғат аман болар адамзат” тақырыбында шығарма байқауы, балабақша тəрбиеленушілері арасында “Əлем балалар көзімен” тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Қос байқауға Жамбыл облысы əкімдігінің “Табиғи ресурстар жəне табиғатты пайдалануды реттеу” басқармасының бөлім басшысы Нағима Темірбекова, Тараз қалалық білім бөлімінің экология пəндерінің əдіскері Гүлхадиша Əбдірашқызы, «Жамбыл облысы жастар ұйымы Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастанұлы қазылық етті. Шара соңында байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар алғыс хаттармен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды. “Қала тұрғындарына тамаша көңіл күй сыйлаған мазмұнды шара алдағы уақытта жиі өткізіліп тұрады” — деді акция ұйымдастырушылары.




АРАЙЛЫ ЖАҚСЫЛЫҚ
Тегтер: акцияЖамбыл облысыжастар ұйымдарыҚауымдастықэкология

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты