• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» этнографиялық керуені Меркі ауданына жетті

08.06.2017
0
«Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» этнографиялық керуені Меркі ауданына жетті
640
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» этнографиялық керуені Меркі ауданына жетті
Жуырда ғана тоғыз жолдың торабындағы тарихи Тараздан Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қарай бағыт алған «Ұлы Жібек жолы. Тараздан асқақ Астанаға тарту» атты керуен мерейлі Меркі жеріне табан тіреді. Керуеннің ауданға көш басын бұруы жыл сайын өткізілетін «Қымызмұрындық» тойына сәйкес келді. Осы тұста Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттма басқармасы облыстық халық щығармашылығы орталығы мен Меркі ауданының әкімдігі бірігіп Тұрар Рысқұлов ауылдық округіндегі Атшабар алаңында келген көшті қарсы алып, ұлан-асыр той жасады.




Шара барысында ұйымдастырылған концерттік бағдарламада Ақыртас кешені мен, Құлан ауылын артқа тастаған керуеннің мән-маңызы баяндалып, «Қымызмұрындық» тойының ашылу рәсімі өтті. Атаулы мерекенің басында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет архивтер, және құжаттама басқармасының бастығы Дүйсеналы Дыбысалыұлы, Меркі ауданының әкімі Мейірхан Азатұлы, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсембекұлы, Меркі ауданының құрметті азаматы Қамбар Иманалиев құттықтау сөз сөйлеп, қымызмұрындық байқауына қатысушыларды марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады. Керуеннің келу салтанатына жиналған халықтың қарасы мол болды. Арнайы алты, сегіз қанатты киіз үйлер тігіліп, түрлі этно бірлестіктер өз шатырларында келген қонақтарды салт-дәстүрлерімен таныстырды. Этно ауыл бой көтерген аумақта жастар алтыбақан тебісіп, қазыналы әжелер баянмен ән салды. Бұл жолғы керуен көшінің ерекшелігі де сол, шара соңы аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қыз қуу, көкпар сынды тартысты әрі қызықты ұлттық ойындарға ұласып, аймақтардан келген командалар мен қатысушылар бәйгеге арнайы тігілген жүлделерге ие болды. Сәні мен салтанаты жарасып, тарихи Тараздың топырағының қадір-қасиетін арқалаған үлкен көш «ЭКСПО-2017» көрмесіне бағыт алған жолда бірнеше аймаққа аялдауды жоспарлап отыр. Халықаралық шара барысында Әулиеатадан ат арылтып, түйе мінгесіп жеткен көштің шет елден келген қонақтарға ұсынар сыйы молынан болмақ.
АРАЙЛЫ ЖАҚСЫЛЫҚ
Тегтер: астана экспоЖамбыл облысықымызмұрындықмеркі ауданыТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты