• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ауыл» партиясының жаңа төрағасы сайланды: Тізгін Қайрат Айтуғановқа бұйырды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс съезі өтіп, ұйымның басшылық құрамында маңызды өзгерістер болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерболат Саурықов өзінің ресми парақшасында хабарлады.

24.06.2026
0
«Ауыл» партиясының жаңа төрағасы сайланды: Тізгін Қайрат Айтуғановқа бұйырды
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Сайси ұйымның жиынында партияның негізгі бағыттары бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар сараланып, Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясына сәйкес партия Жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралған.

Съезд барысында партия төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаев өз өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Делегаттардың ұсынысымен бұл қызметке осыған дейін төраға орынбасары болып келген Қайрат Қапарұлы Айтуғановтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.

Халық қалаулысы Ерболат Саурықов партияның дамуына өлшеусіз үлес қосып, ортақ мақсат жолында аянбай еңбек еткен Серік Рахметоллаұлына шынайы алғысын білдірді. Оның кәсіби білімі мен мол тәжірибесі алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы бастамаларға қызмет ете беретініне сенім білдірді.

«Өздеріңізге белгілі, «Ауыл» партиясы ауылдық аумақтарды дамыту, аграрлық секторды өркендету және еңбек адамының мүддесін қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы маңызды міндеттерді жүзеге асыру жолында партия тізгінінің Қайрат Қапарұлына тапсырылуы – уақыт талабына сай әрі маңызды шешім деп есептеймін», – деп жазды Мәжіліс депутаты.

Жаңадан сайланған төраға Қайрат Айтуғанов – аграрлық экономика, мемлекеттік басқару және ғылым салаларында қырық жылдан астам еңбек еткен, басқару ісінде үлкен мектептен өткен білікті маман.

Ол әр жылдары жауапты әрі жоғары лауазымды қызметтерді атқарған:

  • Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі;

  • Халықаралық қайта құру және даму банкі жобасының жетекшісі;

  • «Оңтүстік» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы;

  • Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

  • «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;

  • «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім берегу орталығы» КЕАҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

  • С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы.

Ерболат Саурықов жаңа басшылықтың бастамаларына жеміс тілеп, қолға алынған игі істердің ел дамуы мен ауыл өркендеуіне жаңа серпін беретініне сенімді екенін жеткізді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: ПАРТИЯТағайындау

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

01.07.2026
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты