• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 07:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз қаласында «Ел рәміздері – елдігіміздің негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

turan_admin turan_admin
29.05.2017, 18:41
Облыс жаңалықтары
Тараз қаласында  «Ел рәміздері – елдігіміздің негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
363
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Тараз қаласында «Ел рәміздері – елдігіміздің негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күні. Елдігіміз бен бірлігімізді бекемдеген мемлекеттік нышандардың бекітілгеніне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған орай, Тараз мемлекеттік университеті және облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастырумен «Ел рәміздері – елдігіміздің негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Тағылымды шараға ҚР мемлекеттік Елтаңбасының авторы, құрметті сәулетші Жандарбек Мәлібеков, ҚР Парламент Сенатының депутаты, мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның мүшесі Төлеубек Мұқашев, облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, қоғам қайраткері, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібаев қатысып, мемлекеттік нышандарымыздың қалыптасуы төңірегінде әңгіме өрбітті.Жиынды аталмыш университет ректоры, п.ғ.д., профессор Махметғали Сарыбеков алғы сөзімен ашып, тізгіндеді.
–Жамбыл өңірінің тумасы, мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков екеуіміз ұсынған қос нышанның жобасы 25 жылдан бері елдігімізді айқындап, Әлем ареналарында жарқырап, ұлттық рухымызды көтеріп келеді. Бұл күнді насихаттау, оның мәні мен маңызын жете түсіну бүгінгі ұрпаққа парыз. Елтаңбаны ойлап табудың өзіндік тың деректері бар. Аты айтып тұрғандай, ол – елдігіміздің белгісі. Атамекеніміз тарихи жәдігерлерге толы. Кешегі қарт Қаратаудың жотасындағы таңбалы тастардың өзі осындай бастамаға сұранып тұр. Мәселен, қазақ киіз үйі – елдің әлеуметтік жағдайын, әдет-ғұрыптарын айшықтайтын орда. Ал, отау тіккен соң ұлтымызда шаңырағы биік, босағасы берік болсын деген тілектердің айтылатыны ақиқат. Сондай-ақ 1973 жылы АҚШ жерінен Алтын адамның табылғанын білерсіздер. Сол жылдары қазақ қоғамының салт-дәстүрі, өзіндік белгілері жоқ деген сыңаржақ пікірлерде айтылмады емес. Осыны ойға ала мен «Жоқ, менің Ұлы даламның өзінің сонау ғасырдан қалыптасқан тамырлы тарихы бар» деп, намысымды жану арқылы ел екенімізді ұғындыратын белгіні ойлап табуды жөн санадым. Тарихқа көз жүгіртсек, Абылайды хан етіп, ақ киізге салып, ел арасындағы бірлікті ту етіп, кейін тәуелсіздік алған тұста құшағына көп ұлттың өкілін сыйдырған қазақ елі ауызбіршілігі жарасқан жер бетіндегі ұлттың бірі. Дегенмен сол мемлекеттік құндылықтарымызды қадірлеп, насихаттау жұмыстарының аздығын айтпасқа болмас, – деді Жандарбек Мәлібекұлы.



1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік туымыз бекітіліп, осы жылы әнұранның әні мен мәтініне байқау жарияланып, қазақ елінің Тұңғыш Әнұранының авторлары ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди танылды. Араға 14 жыл салып жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданып, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың әніне және Жұмекен Нәжімеденов пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әні бекітілді. Алқалы жиында депутат Төлеубек Төлеуұлы қолданыстағы мемлекеттік рәміздердің жайын баяндаса, қоғам қайраткері Жандар Кәрібаев «Көк тудың желбірегені» әнін мектеп сыныптарында қолданысқа енгізу қажеттігін алға тартты. Айта кетейік, 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшу жоспарымыздағы басты мәселе. Конференция қонақтарының тарапынан болған сауалдар арасында елтаңбаның төменгі жағында орналасқан «Қазақстан» жазуыныңлатын әліпбиіне көшкен кездегі жайы да сөз болды. Ал бұған нышан авторы арнайы тапсырмалар шеңберінде қайта жасауға болатынын жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі күнге дейін Елтаңба авторына Шота Уалихановты балап келген жұртшылыққа Жандарбек Мәлібекұлы оның ешқандай қатысы жоқ, тек Елбасы Нүрсұлтан Әбішұлының ғана ықпалы барын айтып, жиналған көпшілікті құлағдар етті. Сондай-ақ шарада аталған мерейтойға орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» тақырыбындағы өткен облыстық жазба ақындар мүшайрасының жүлдегерлері мен жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша жыр додасының бас жүлдесіне —
Көңілдің күйін айнытпай басқан
Төгіп тұр нұрын күн менен аспан
Елтаңбам – кием, тұмарым
Дән менен тұлпар сарқылмас дастан
Жаңғыртқан көктен жыр-әнім, – деп жырлаған ТарМУ студенті Жанна Бахатай ие болды. Және І дәрежелі дипломмен Талас ауданы А.Байтұрсынов атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсел Бұралқы марапатталса, жыр бәйгесінің жүлделі ІІ орыны ТарМУ-лік Бекайдар Аманбаевқа, ал үшінші орынТараз қаласы темір жол көлік колледжінің студенті Елдос Бөгдіковке бұйырды. Шара соңында қос жеңімпаз өздеріне жеңіс сыйлаған шығармаларын оқыды.

TURANINFO.KZ

Тегтер: ӘНҰРАНГИМНЕЛТАҢБАЖАНДАР КӘРӘБАЙҰЛЫРӘМІЗДЕРТУ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

14.10.2026, 09:16
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.