«Еврохим» еліміздегі ең ірі кен өндіру ошағына айналмақ
Минералды тыңайтқыштарды өндіру үшін салынып жатқан «ЕвроХим» зауыт құрылысының құны 356,6 миллиард теңге қаражатты құрайды. «Көк жон», «Гиммельфраб» кен орындарынан фосфордың көп көлемін алып жылына 1400 мың тонна минералдық тыңайтқыщ өндіру компанияның алға қойған мақсаттарының бірі. Келешекте 2000 адамды жұмыспен қамтуды көздеген өндіріс орнында қазір 450 ден аса адам тұрақты жұмыс жасайды. Орташа еңбек ақы көлемі 100 мың теңге. 2018 жылға дейін «ЕвроХим»-нің барлық бөлігі іске қосылып, ел экономикасына оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз.
Арайлы Жақсылық