• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:46
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

237 жамбылдық оқушы «Алтын белгіге» үміткер

turan_admin turan_admin
23.05.2017, 23:02
Облыс жаңалықтары
237 жамбылдық оқушы «Алтын белгіге»  үміткер
274
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгін Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «2017 жылғы мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттаудан өткізу және ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырудың жағдайы, балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру» тақырыбында брифинг өтті. Басқосуға облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова қатысып, белгіленген тақырып бойынша тың ақпарат берді. Брифинг соңында басқарма басшысы тақырып бойынша журналистердің сауалдарына жауап қайтарды.
Сұлушаш Сәтбекқызының ақпаратынша, 2016-2017 оқу жылында облыстағы 351 жалпы орта білім беретін мектептерді 8826 оқушы бітіргелі отыр. Оның ішінде 6611-і қазақ тілінде, 2189-ы орыс тілінде, 26-ы өзбек тілінде бітіреді.
Биылғы оқу жылынан бастап мектеп бітірушілер орта білім туралы аттестат алу үшін мектепте қорытынды аттестаудан өтеді, яғни мемлекеттік емтихан тапсырады. Ал, жоғары оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсырады.
Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ-ның жаңартылған форматымен таныстыруға арналған арнайы іс-шаралар жоспарына сәйкес ата-аналар мен мектеп бітірушілер арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп, білім бөлімдері мен мектеп басшыларының қатысуымен онлайн режимінде семинар-кеңестер, орталық коммуникациялар қызметінде арнайы брифинг өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы «2016-2017 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу туралы» №128 бұйрығының негізінде мектептерде қорытынды аттестаттау 29 мамыр – 9 маусым күндері аралығында 5 пән бойынша өтеді.
Жазбаша және ауызша емтихандарды, сонымен қатар, тесттің жауап парақтарын мектептерде құрылған мемлекеттік емтихан комиссиясы дұрыс жауаптар кодтары арқылы тексеріп, бағалайтын болады, — деп мәлімдеді басқарма басшысы.
Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы облыстық білім басқармасына 2017 жылдың 23 мамырына дейін жеткізеді. Білім басқармасы, өз кезегінде, құжаттарды аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдеріне, олар мектептерге дейін жеткізуді ұйымдастырады.
Сондай-ақ, 2016-2017 оқу жылында 237 оқушы «Алтын белгі» төс белгісіне және 139 оқушы үздік аттестатқа үміткер.
Ағымдағы оқу жылында пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіп, кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған 105 іс-шара өткізіліп, оған 9842 (40,9%) педагог қамтылды.
2017 жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта облыстағы 10 ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде ағымдағы жылдың 20 маусым — 1 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ-ға қатысушылар 3 міндетті пәннен, 2 бейінді пәннен тест тапсырады. Тестілеуге бөлінген уақыт 3 сағат 50 минутты құрайды. Жалпы 120 сұрақ беріледі. Ең жоғары көрсеткіш – 140 балл. Тест қағаз түрінде тапсырылады.
ЖОО-на түсу үшін ең төменгі шекті балл: ұлттық ЖОО-на – 65 балл, педагогикалық, ауылшаруашылық мамандықтарына – 60 балл, «Жалпы медицина» мамандығына – 65 балл, басқа ЖОО-на – 50 балл деңгейінде.
Тестілеуге қатысуға ниет білдіргендердің өтінімдері 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданды.
ҰБТ-ді ақылы негізде тапсыру мүмкіндіктері де сақталып отыр – олар 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтарында өткізіледі.
Биылғы жылы ҰБТ-ге жалпы орта білім беретін мектептерді бітіретін 8826 бітірушінің 6136-ы (69,5%) қатысқалы отыр.
ҰБТ-ға қатысатын 6136 мектеп бітірушілердің 25%-ы биология+химия пәндерін, 24,7%-ы математика+физика пәндерін, 9,1%-ы биология+география пәндерін, 8,8%-ы математика+география пәндерін, 6,7%-ы шет тілі+тарих пәндерін, 6,1%-ы тарих+Адам.Қоғам.Құқық пәндерін, 4,9%-ы әдебиет+тарих пәндерін, 4,1%-ы тарих+география пәндерін, 3,3%-ы география+шет тілі пәндерін, 0,3%-ы химия+физика пәндерін таңдап отыр және 6,5%-ы шығармашылық емтихан тапсыруға ниет білдірген.
Мектеп бітірушілер Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz. сайтында ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы бойынша енгізілген онлайн тест тапсырмалары арқылы және Тараз қаласында орналасқан тест орталықтары арқылы байқау сынақтарынан өтуде.
Білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау мақсатында әрбір мектепте сынама тесттер алынуда, — деп ӨКҚ өткен брифингте мәлімдеді С.Құрманбекова.

TURANINFO.KZ

Тегтер: алтын белгібілім басқармасыЕНТқұрманбековасәтбекқызысұлушашҰБТ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.