• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қажылық–2026: Алғаш рет Меккені көрген қазақтың толғанысы

Сауд Арабиясының қасиетті Мекке қаласыннан "Turaninfo" ақпарат агенттігінің бас редакторы Исламбек Дастан қажылықтың адам жанына әсері, рухани тазару мен тағылымы туралы ой-толғамдарымен бөлісті. Автордың қасиетті мекеннен жолдаған арнайы материалын назарларыңызға ұсынамыз.

03.06.2026
0
Қажылық–2026: Алғаш рет Меккені көрген қазақтың толғанысы
223
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Үлкен қажылыққа бару бұйырды. Исламның бес парызының бірі саналатын қасиетті сапарға аттанып, алғаш рет умра мен қажылық амалдарын өтеудің бақытына кенелдім. Бала күнімде Тараз қаласындағы «Әбдіқадыр» мешітінің медресесінде білім алып жүргенде қасиетті Меккені көруді армандайтынмын. Арада жылдар өтіп, сол арманның ақиқатқа айналған сәті де келді.

Қажылық – Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Бұл – белгілі уақыттарда қасиетті мекендерде арнайы құлшылықтарды орындау арқылы жүзеге асатын ұлы ғибадат. Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен 1,7 миллионға жуық мұсылман қасиетті мекенге жиналды. Олардың қатарында Қазақстаннан келген 4010 отандасымыз болды. Қажыларға 14 туристік компания қызмет көрсетті. Мен де солардың бірі – “Nurkhan Travel” компаниясының құрамында болдым. Турфирмаға бекітілген жауапты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынан бір жауапты маман бекітілді. Бізге жауапты болып Қуаныш Әбішев уағыз насихат жұмыстарын жүргізді. 

Бұл сапарға жарты жылдай дайындалдым. Іштей рухани әзірленіп, туған-туыс, жақындармен қоштасып жолға шықтым. Бұл мақала жарнамалық жазба емес. Керісінше, қасиетті мекенде өз көзіммен көріп, жүрегіммен сезінген әсерлерімнің шынайы көрінісі.

Қажылық – адамның рухани болмысын қуаттандырып, жүрегіне нұр ұялататын ерекше құлшылық. Ол сабыр мен төзімділікке тәрбиелейді, пендені қарапайымдылық пен кішіпейілділікке жетелейді.

Миқат шекарасынан өткен соң умра амалдарын орындадық. Ихрам киіп, Қағбаны жеті рет айналып тауап жасадық. Кейін Сафа мен Маруа төбелерінің арасында жеті мәрте сағи жасап, шашымды қысқарттым. Бұл менің өмірімдегі алғашқы умрам еді.

Ал, үлкен қажылық Мина жазығында түнеуден басталды. Арапа күні Арафатта дұға жасап, кешке қарай Мұздалифаға бет алдық. Мыңдаған жұлдыз төбемізде жарқыраған ашық аспан астында түнеудің әсері ерекше болды. Мұздалифадан кейін қайтадан Минаға оралып, Жамаратта шайтанға тас ату рәсімін орындадық. Бірінші күні жеті тас, кейінгі екі күнде жиырма бір тастан лақтырдық. Осының бәрі қырық градустан жоғары температурада өтті. 

Осы сәтте тас ату рәсімінің мәні туралы көп ойландым. Бұл – сыртқы нысанаға емес, адамның өз бойындағы нәпсіге, тәкаппарлыққа, жаман қасиеттерге қарсы күресінің белгісі секілді көрінді.

Құрбан айттың бірінші күні құрбандық шалып, содан кейн шаш алуға асығып, жеті рет Қағбаны айналып тауап жасап, Сафа мен Маруа арасында жүріп, парыз амалдарын толық орындауға ұмтылдым. Меккемен қоштасар сәтте қоштасу тауабын жасап, Аллаға шексіз ризашылығымды білдіріп, дұға еттім.

Қажылықтың ерекшелігі – барлық құлшылық түрінің бір жерде тоғысуында. Мұнда намаз да, садақа да, құрбандық та, Құран оқу да, зікір мен дұға да қатар орындалады. Сондықтан қажылық – адамның өткен өміріне есеп беріп, тәубеге келіп, рухани жаңаратын мектебі.

Қасиетті мекенде түрлі тағдыр иелерімен жүздестім. Бірі өмір бойы жиған қаржысын осы сапарға жұмсаса, енді бірі күнделікті кәсібінен қаражатын жинап келген.

Қажылықта белгілі тележурналист, «Таңшолпан» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Маржан Болатханқызымен тілдесудің сәті түсті.

– Қажылыққа келген адамдардың тағдыры әртүрлі. Бір кісі хот-дог сатып жүріп ақша жинағанын айтты. Тағы бір ерлі-зайыпты жұп жүз қой сатып, бесінші парызын өтеуге қаржы жинапты. Осындай адамдарды көргенде олардың шынайы ниетіне тәнті боласың, – дейді Маржан Болатханқызы.

Ал қажылықтың өзіңізге қандай әсер қалдырғанын сұрағанымызда ол былай деп жауап берді:

– Қажылық – адамды тәрбиелейтін үлкен мектеп. Бұл – нағыз рухани трансформация. Мұнда жеке кеңістік, менікі-сенікі деген ұғымдар көмескіленеді. Бір шатырдың ішінде жүздеген адам қатар жатады. Сонда сабыр сақтап, нәпсіңмен күресуді үйренесің. Мұздалифаның топырағына жамбасымды қойған сәтте терең ойға баттым. «Қайдан келдім? Қайда бара жатырмын? Осы өмірде не тындырдым?» деген сұрақтар еріксіз мазалайды. Сондықтан қажылыққа мүмкіндігінше жас кезде барған дұрыс.

Шынында да, қажылық – мұсылманның өміріндегі ең маңызды рухани сапарлардың бірі. Мұнда адамдардың әлеуметтік мәртебесі, байлығы немесе қызметі маңызды емес. Барлығы бірдей ақ түсті ихрам киіп, бір сапта тұрады. Бай мен кедейдің, басшы мен қарапайым адамның арасындағы айырмашылық жоғалады.

Сондықтан қажылық – теңдіктің, бауырмалдықтың және сабырдың мектебі. Бұл сапар адамды рухани тұрғыдан байытып, жауапкершілік пен ізгілікке жетелейді. Пенде қасиетті мекеннен тек құлшылық жасап қана қайтпайды. Ол жүрегіне жаңа көзқарас, жаңа сенім, жаңа күш алып оралады.

Қажылық – жәннатқа бастар жол. Ал сол жолға аяқ басу – әр мұсылманның ең үлкен армандарының бірі.

АНЫҚТАМА ҮШІН.

ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ПАРЫЗДАРЫ, УӘЖІПТЕРІ ЖӘНЕ СҮННЕТТЕРІ

 Қажылықтың парыздары:
1. Ихрам – Меккеге кіретін кезде қажылықты ниет етіп, ихрам киімін кию.
2. Вуқуф – арапа күні бесіннен кейін Арафат тауында біраз тұру.
3. Зиярат тауапы – құрбан айт күні немесе одан кейінгі екі күнде Қағбаны[1] жеті рет айналу.

 Қажылықтың уәжіптері:
1. Құрбан айт күнінде таң намазынан кейін Мұздалифа деген орында біраз тұру.
2. Айт күндері Жамрат деген үш орында тұрып, тас лақтыру.
3. Сафа мен Маруа тауларының арасында жүріп, жеті рет сағи ету.
4. Айт күндері шашын кесу, не қысқарту.
5. Садр тауапы, яғни жолға шығу алдында қоштасу тауапын жасау.

Қажылықтың сүннеттері:
1. Құдум тауапы, яғни алыстан келгендер үшін алдымен Қағбаны тауап ету.
2. Тауаптың алғашқы үш айналымында рамл ету (керіле жүру), яғни иығын қиқаңдатып, қысқа адыммен басып, шапшаң жүру.
3. Сағида белгілі жерден (жасыл белгіден) өткен сайын оң иығын ашып, жылдам жүріп өту.
4. Айт күндері Мина тауында түнеу.
5. Минадан Арафат тауына күн шыққаннан кейін шығу.
6. Мұздалифадан Минаға күн шықпай бұрын шығу.
7. Мұздалифада түнеу.
8. Үш Жамратта кезекпен белгілі тәртіпте тас лақтыру.

 Парыз амалы міндетті түрде орындалуы тиіс. Орындалмай, қалып қойған жағдайда қажылықты келесі жылы қайта өтеу керек болады. Уәжіп амалы орындалмай қалса, қажылық есептеледі, бірақ айып жасағаны үшін, орнына құрбандық шалуға тура келеді. Ал сүннетті тәркі етсе, орнына ештеңе өтемейді, бірақ күнахар атанады.  

Их­рам де­ге­ні­міз не?

Қа­жы­лық, ум­ра не­ме­се екеуін бір­ге жа­сау ниеті­мен, бас­қа уа­қыт­та іс­теуіне рұқ­сат кей­бір іс-әре­кет­тер­ді қа­жы­лық, ум­ра уақы­тын­да өзі­не ха­рам қы­лу­ды – их­рам деп айта­мыз.

Их­рам­ға қа­лай кі­ре­ді?

Их­рам­ға қа­жы­лық түр­ле­рі­нің қайсы­сын орын­дай­тын бол­са, со­ны жү­ре­гі­мен ниет етіп, тәл­бия айту ар­қы­лы кі­ре­ді. Бі­рақ ниет­ті тіл­мен айту – мұс­та­хап. Их­рам­ға кі­ру­дің шарт­та­ры­ның бі­рі ға­на бо­лып та­бы­ла­тын «ри­да» жә­не «изар» деп ата­ла­тын екі бө­лік­тен тұ­ра­тын сүл­гі не­ме­се оған ұқ­сас ті­гі­сі жоқ ма­та ха­лық ара­сын­да «их­рам» деп атал­ға­ны­мен, Их­рам ма­ғы­на­сын то­лық қам­ты­майды. Орын­дай­тын қа­жы­лық тү­рін ниет ет­пей, тәл­бия дұ­ға­сын айт­пай, тек қа­на үс­ті­ге ақ, ті­гіс­сіз ма­та ора­ну­мен их­рам­ға кір­ген бо­лып са­нал­майды. Өйтке­ні, ниет пен «тәл­бия» дұ­ға­сы их­рам­ның шарт­та­ры­нан.

 Қа­жы­лық түр­ле­рі

  1. Иф­рад қа­жы­лы­ғы

Ми­қат­та их­рам­ға кі­рер кез­де тек қа­на қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның ат­қа­ры­луы ниет етіл­се, бұл қа­жы­лық тү­рі­не «иф­рад» қа­жы­лы­ғы де­лі­не­ді. Иф­рад қа­жы­лы­ғын­да ум­ра­сыз тек қа­на қа­жы­лық ғи­ба­да­ты жа­са­ла­ды. Ақа­ба жәм­ра­сы­на (Үл­кен шай­тан тас) тас лақ­ты­рып бол­ған­нан кейін қа­ла­са құр­бан ша­ла­ды. Өйтке­ні, иф­рад қа­жы­сын орын­да­ған­дар­ға құр­бан ша­лу уә­жіп емес. Со­сын ша­шын ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қарт­қы­зып их­рам­нан шы­ға­ды.

  1. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы

Қа­жы­лық айла­рын­да ум­ра үшін их­рам­ға кі­ріп, ум­ра­ны бі­тір­ген соң, сол жыл­ғы Зил­хиж­жа айы­ның се­гі­зін­ші кү­ні не­ме­се одан да бұ­рын қа­жы­лық үшін қайта­дан их­рам­ға кі­ру ар­қы­лы жа­са­ла­тын қа­жы­лық тү­рі­не «тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы» дейді. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын­да ум­ра жә­не қа­жы­лық үшін бө­лек-бө­лек их­рам­ға кі­ре­ді. Бұл қа­жы­лық­тың тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы бо­лып са­на­луы үшін ум­ра мен қа­жы­лық­тың қа­жы­лық айла­рын­да сол жыл­да жа­са­луы шарт. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын­да ум­ра мен қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ған­дық­тан шү­кір құр­ба­нын ша­лу – уә­жіп. Қа­зақ­стан­дық­тар кө­бі­не­се тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын орын­дайды.

  1. Қи­ран қа­жы­лы­ғы

Ми­қат­та қа­жы­лық пен ум­ра­ны бір­ге ниет етіп, бір их­рам­мен іс­те­ле­тін қа­жы­лық­қа – «қи­ран» қа­жы­лы­ғы де­лі­не­ді. Ум­ра­сын тә­мам­да­ған­нан кейін их­рам­нан шық­пай қа­жы­лық амал­да­рын да сол их­рам­мен аяқ­тайды. Қи­ран қа­жы­лы­ғын­да ум­ра мен қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ға­ны үшін шү­кір құр­ба­нын ша­лу – уә­жіп.

Тәл­бия де­ге­ні­міз не?

Тәл­бия – их­рам­ға кі­рер ал­дын­да айты­луы уә­жіп бол­ған жә­не их­рам­ды бол­ған уа­қыт­та мо­лы­нан қайта­ла­нып айты­ла­тын сүн­нет дұ­ға.

«Ләб­бай­кАллаһум­ма ләб­байк, ләб­байка ләә шә­ри­ка лә­кә ләб­байк, ин­нал­хам­да уан­ни’мә­тә лә­кә уал­мул­ка ләә шә­ри­ка ләк».

Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы: «Аллаһым, мен се­нің әмі­рің­ді орын­дауға кел­дім, се­нің әмі­рі­ңе бой ұсын­дым (2 рет). Се­нің се­рі­гің жоқ, се­нің әмі­рің­ді орын­дау – ме­нің бо­ры­шым. Кү­мән­сіз бар­лық ма­дақ са­ған тән жә­не жал­пы ие­лік пен нығ­мет се­ні­кі. Се­нің еш се­рі­гің жоқ».

Их­рам­ның уә­жіп­те­рі

  1. Их­рам­ға бел­гі­лен­ген ми­қат­тар­дың бі­реуін­де кі­ру.
  2. Их­рам­да тыйыл­ған нәр­се­лер­ді жа­са­мау.

Ми­қат де­ге­ні­міз не?

Қа­жы­ға не­ме­се ум­ра­ға ба­ра­тын адам­дар­дың их­рам­ға оранбай өту­ге бол­май­тын жер­лер­ге «ми­қат» де­лі­не­ді. Қа­сиет­ті Қағ­ба­ны қор­шап тұр­ған ме­кен­дер «Ха­рам», «Хил», жә­не «Әфақ» деп үш ау­мақ­қа бө­лі­не­ді. Қа­жы­лық жә­не ум­ра ғи­ба­да­тын орын­дауға ке­ле­тін адам­дар осы ау­мақ­тар­ға қа­рай их­рам­ға кі­ре­ді.

  1. Ха­рам аума­ғы

Же­бі­рейіл пе­ріш­те­нің көр­се­туі ар­қы­лы Иб­ра­һим (а.с.) та­ра­пы­нан бел­гі­ле­ніп, кейін­нен Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) та­ра­пы­нан қайта­дан біл­ді­ріл­ген, өсім­дік­те­рі­нің жұ­лы­нуына жә­не аң­да­ры­ның, жал­пы жан-жа­нуар­ла­ры­на зиян ти­гі­зу­ге тыйым са­лын­ған Мек­ке жә­не оның айна­ла­сын­да­ғы қа­сиет­ті мү­бә­рак жер­лер «Ха­рам аума­ғы» де­лі­не­ді.

Мек­ке­лік­тер қа­жы­лық­қа Ха­рам аума­ғы­ның ішін­де их­рам­ға кі­ре­ді. Ал, ум­ра үшін Ха­рам аума­ғы­ның сыр­тын­да­ғы Хил аума­ғы­на ең жа­қын ор­на­лас­қан Тан’им­ға ба­рып их­рам­ға кі­ре­ді.

  1. Хил аума­ғы

Ха­рам аума­ғы мен Ми­қат жер­ле­рі­нің ор­та­сын­да­ғы ме­кен – Хил аума­ғы. Бұл ау­мақ­та тұ­ра­тын­дар Ха­рам аума­ғы­ның сыр­ты­нан өз­де­рі­нің тұ­рып жат­қан жер­ле­рі­нен их­рам­ға кі­ре­ді.

  1. Әфақ аума­ғы

Ха­рам жә­не Хил ау­мақ­та­ры­ның сыр­тын­да­ғы ау­мақ­тар – Әфақ аума­ғы. Әфақ аума­ғы­нан Ха­рам аума­ғы­на не­ме­се Мек­ке­ге ке­ле­тін­дер­дің их­рам­сыз өту­ле­рі­не бол­май­тын бес жер­ді Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ми­қат ре­тін­де бел­гі­ле­ген.

Бұл бес ми­қат:

  1. Мә­ди­на жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Зул­ху­лайфә», Мә­ди­на қа­ла­сы­на 10 км жа­қын. Қа­зір бұл жер – «Әбәр Али» деп ата­ла­ды (Қа­зақ­стан­дық­тар кө­бі­не­се осы жер­ден их­рам­ға кі­ре­ді).
  2. Мы­сыр жә­не Си­рия та­ра­пы­нан ба­ра­тын­дар үшін – «Жух­фа», Мек­ке­ден 187 км ұзақ.
  3. Нәжд жә­не Кувуейт та­ра­пы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Қар­нул-Ма­на­зил», Мек­ке­ден 96 км ұзақ.
  4. Йе­мен жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Иа­лам­лам», Мек­ке­ден 54 км ұзақ.
  5. Ирак жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Зә­тул-ғирқ», Мек­ке­ден 94 км ұзақ.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) өзі­нің ха­дис­те­рін­де осы жер­лер­ді ми­қат ре­тін­де та­ғайын­да­ған.[2] Мі­не, сон­дық­тан қа­жы­лық­қа не­ме­се ум­ра­ға ба­ра­тын адам бұл жер­лер­дің қайсы­сы­нан өт­се, сол жер­ден их­рам­сыз өту­ге бол­майды. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Еш­кім ми­қат­тан их­рам­сыз өт­пе­сін», –деп бұйыр­ған. Бұл жер­лер­ге жет­пес бұ­рын их­рам­ға кі­ріп алу­ға да бо­ла­ды.

Сыр­ттан қа­жы­лық жә­не ум­ра үшін кел­ген­дер ми­қат­тан их­рам­сыз өтіп кет­кен жағ­дайда, құр­бан ша­ла­ды не­ме­се ке­рі қай­тып, ми­қат­та их­рам­ға кі­ре­ді.

Их­рам­ға кір­ген адам­ға тыйыл­ған
нәр­се­лер

  1. Их­рам­ға кір­ген адам­ның де­не­сі­не байла­ныс­ты тыйым­дар:
  • Ша­шын, са­қа­лын, мұр­тын алу не­ме­се қыс­қар­ту
  • Қол­тық­тың ас­тын­да­ғы жә­не жал­пы де­не­де­гі түк­тер­ді жұ­лу не­ме­се қыс­қар­ту
  • Тыр­нақ алу
  • Шаш, са­қал жә­не мұрт­қа май жа­ғу не­ме­се бояу
  • Әйел­дер­дің бояну­ла­ры (лак, да­лап, т.б.)
  • Де­не­ге не­ме­се их­рам­ға хош иіс се­бу жә­не иіс са­бын қол­да­ну
  1. Киім­ге байла­ныс­ты тыйым­дар:
  • Ті­гіл­ген киім кию. Ті­гіл­ген киім­дер­ді суық­та иық­қа жа­бу­ға не­ме­се де­не­ге жа­бу­ға бо­ла­ды. Бі­рақ жап­қан уа­қыт­та қо­лын киіп, түйме­ле­рін түйме­леуге бол­майды.

Изар мен ри­да­ның[3] шет­те­рін сө­гі­ті­ліп кет­пеу үшін ті­гу­ге, жыр­ты­ғын жа­мауға рұқ­сат. Ақ­ша са­лу үшін ті­гіл­ген ар­найы қап­шық, бел­дік сияқ­ты нәр­се­лер­ді, ыс­тық­тан қор­ға­ну үшін ті­гіл­ген қол­ша­тыр­ды қол­да­ну­ға бо­ла­ды.

  • Бас­ты не­ме­се бет­ті жа­бу. Та­қия кию, сәл­де орау, т.б.
  • Қол­ғап, шұ­лық кию

Киім­ге байла­ныс­ты тыйым­дар тек қа­на ер­кек­тер үшін. Әйел­дер әдет­те­гі­дей киіне­ді.

  1. Ха­рам аума­ғы­на байла­ныс­ты тыйым­дар:

Мек­ке қа­ла­сы­ның жә­не жан-жа­ғын­да­ғы «Ха­рам» деп ата­ла­тын ау­мақ­тың аң­да­рын аулау, өсім­дік­те­рін жұ­лу не­ме­се ша­бу их­рам­ды адам­дар­ға да, их­рам­сыз адам­дар­ға да ха­рам.

  1. Жал­пы тыйым­дар:
  • Әйелі­мен жы­ныс­тық қа­ты­нас жасау, сүйісу, құ­шақ­та­су, жал­пы нәп­сі­ні қоз­ды­ра­тын бар­лық нәр­се­лер­ді іс­теу.
  • Дін­де ха­рам бол­ған іс­тер­ді жасау.
  • Мұ­сыл­ман бауыры­мен таласу, ере­ге­сіп, ұры­сып, тө­бе­ле­су, жа­ман сөз айту, бі­реуді рен­жі­ту. Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран­да бы­лай дейді: «Қа­жы­лық бел­гі­лі (Шәууал, Зил­қағ­да, Зил­хиж­жа­ның ал­ғаш­қы он кү­ні) ай­лар­да. Кім­де-кім бұл ай­лар­да қа­жы­лық­ты мін­дет­тен­се (мы­на­лар­ды біл­сін!) әйелі­мен жа­қын­да­су­ға, кү­нә іс­теуге жә­не жан­жал­да­су­ға бол­майды».[4]
  • Аң аулау.

Их­рам­да­ғы­ға рұқ­сат іс­тер

  • Иіс са­бын қол­дан­бау шар­ты­мен жуыну
  • Кө­лең­ке­де оты­ру не­ме­се қол­ша­тыр қол­да­ну
  • Де­не­нің түк­те­рін тү­сір­меу шар­ты­мен қа­сы­ну
  • Сын­ған тыр­нақ­ты тү­сі­ру
  • Тіс пас­та­сы­мен тіс жуу жә­не көз­ге сүр­ме жа­ғу
  • Их­рам киім­де­рін жуу не­ме­се ауыс­ты­ру
  • Жү­зік, сыр­ға, қол са­ғат қол­да­ну
  • Әтір са­та­тын дү­кен­де оты­ру
  • Гүл­ді не­ме­се же­міс­ті иіс­кеу
  • Ба­сын жә­не жү­зін жап­пау шар­ты­мен де­не­сін көр­пе­мен жа­бу
  • Зияны тие­тін жән­дік­тер­ді өл­ті­ру
  • Бел­дік та­ғу, иық­қа сөм­ке асу

Их­рам­ның сүн­нет жә­не мұс­та­хап­та­ры

  1. То­лық жуыну

Их­рам­ға кір­мес бұ­рын де­не­ні то­лық жуу – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) их­рам­ға кір­мес бұ­рын то­лық жуын­ған.

  1. Их­рам­ға кір­мес бұ­рын тыр­нақ алу, шаш тү­зе­ту, қол­тық­тың ас­ты жә­не ұят­ты жер­дің түк­те­рін алу – мұс­та­хап.
  2. Ер адам­дар, ті­гіл­ген киім­де­рін ше­шіп, изар жә­не ри­да деп ата­ла­тын екі та­за ма­та­ға ора­на­ды. Изар­мен кін­дік­тен тө­мен қа­рай ора­нып, ри­да­мен жо­ғар­ғы де­не­сін орайды. Бас­та­ры­на еш нәр­се ки­мейді. Аяқ­та­ры­на сүй­рет­пе аяқ киім киеді.

Их­рам­ға кір­ген әйел адам әдет­те­гі киім­де­рін шеш­пейді. Бас­та­ры жа­бық күйде, тек қа­на жүз­де­рі ашық бо­ла­ды.

  1. Их­рам­ды бо­лып жүр­ген уа­қыт­та па­рыз на­маз­дар­дан кейін, топ­та­сып жүр­ген бас­қа қа­жы­лар­ға кез­дес­кен уа­қыт­та, жо­ға­ры не тө­мен тү­сіп-шық­қан­да жә­не сә­ре­сі уа­қыт­та­рын­да, жал­пы мүм­кін бол­ған әр жағ­дайда кө­те­рің­кі дауыс­пен тәл­бия айту – мұс­та­хап. Әйел адам тәл­бия айт­қан уа­қыт­та дау­сын қат­ты шы­ғар­майды.
  2. Тәл­бия айт­қан­нан кейін кө­бі­рек салауат ай­тып, ар­ты­нан дұ­ға жа­сап, ті­лек тілеу.
  3. Их­рам­ға кір­мес­тен (их­рам­ға кі­ру – их­рам киім­де­рін кию­мен емес, қа­жы­лық­қа не­ме­се ум­ра­ға, яки екеуіне бір­дей ниет ету мен тәл­бия айту ар­қы­лы бо­ла­ды) бұ­рын де­не­ні әтір­леу – сүн­нет. Айша ана­мыз мы­на ха­дис­ті риуаят ет­кен: «Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) их­рам­ға кі­рер­де мен оған ең жақ­сы әті­рін жа­ға­тын­мын».[5] Бі­рақ, их­рам­ға кі­ріп қой­ған­нан кейін әтір жа­ғу­ға бол­майды.
  4. Их­рам на­ма­зы

Де­не­ні то­лық жу­ған­нан кейін не­ме­се дә­рет ал­ған­нан кейін, их­рам­ға кір­мес­тен бұ­рын, екі рә­кат на­маз оқы­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) Зул­ху­лайфа­да екі рә­кат на­маз оқып, со­сын их­рам­ға кір­ге­ні риуаят еті­ле­ді. Бұл на­маз­дың бі­рін­ші рә­ка­тын­да – «Ка­фи­рун», екін­ші рә­ка­тын­да – «Ықы­лас» сү­ре­сін оқу сүн­нет.

 

Тегтер: MadinaMakkahҚАЖЫЛЫҚ 2026

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты