Оның айтуынша, енді конвертпен берілетін жалақы бойынша бухгалтерлер есеп беретін болады.
«Бұрын қызметкер конвертпен ақша алып, алиментті аз төлеу үшін 70 мың теңге алады деп көрсетуі мүмкін еді. Қазір жасанды интеллект бізге көмектесіп отыр. Мысалы, инженер Астанада жұмыс істейді. Ол қалайша 200 мың теңгеден аз жалақы алуы мүмкін? Демек, ол қалған ақшаны конвертпен алып отыр деген сөз. Біз Қаржы министрлігімен бірлесіп бухгалтерлерге push-хабарламалар дайындадық. Оларға сіздің қызметкеріңіз білімі мен біліктілігіне сай өте төмен жалақы алып отыр деп хабарлаймыз», – деді Молдабеков.







